15 июня 2019 | 14:15

Елордалық полицей атышулы видеода намысына тигендерге жауап берді

Видеодан скриншот

Желіде астанада митингіге шыққандарды ұстаған әскери қызметкердің видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Желіде астанада митингіге шыққандарды ұстаған әскери қызметкердің видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Автобус ішінде түсірілген видеода ұлты қазақ әскери қызметшінің намысына тиетін сөздер айтып, қысым көрсеткен бір топ адамды көруге болады. Әнші Раимның жеке орындауындағы "Ауылымды сағындым" әнімен сүйемелденген ролик әлеуметтік желілерде таралып жатыр.

Реклама
Реклама

Нұр-Сұлтан қалалық полиция басқармасының ресми өкілі Софья Қылышбекованың айтуынша, видеодағы әскери адам - полиция аға лейтенанты Марат Байдүйсенов. Ол құқық қорғау органдарында 2015 жылдан бастап қызмет етеді. Екі баланың әкесі. Сонымен қатар, Марат Байдүйсенов - қазақ күресінен спорт шебері.

"Бұл оқиға 9 маусымда қоғамдық тәртіпті сақтау шаралары аясында болған жағдай. Полицей өзін мұндай жағдайларда ұстаудың үлгісін көрсетіп, аса білікті қызметкер ретінде көрінді. Заң аясында әрекет етіп, берген сертіне берік болды. Намысына тиетін қаншама сөздер мен түсіріп жатқан қысымға шыдап, арандатуға ермеді. Полиция қызметкері жұмысына байланысты күн сайын қарым-қатынас ортасында болады. Полицей әрдайым өзін дұрыс ұстап, абыроймен, билік өкілі ретінде көрсете білуі тиіс. Ол да қоғам мүшесі, біреудің баласы, әкесі, бауыры, күйеуі", - деп пікір білдірді Қылышбекова.

Кейін офицердің желіде тараған видеоға қатысты жауабы айтылған тағы бір ролик жарияланды. Онда полиция аға лейтенанты митинг кезінде бірнеше адамды автобусқа отырғызуға қатысқанын айтты. 

"Автобус ішінде олар маған түрлі жаман сөздер айтты. Мен бәріне шыдадым. Өйткені қарусыз адамға қарсылық көрсеткім келмеді. Олардың жасағаны дұрыс емес, әрине, бірақ ондай сәттерде провокацияға жол бермеу үшін соңына дейін шыдау қажет деп ойлаймын. Біз жұмысқа тұрғанда қызметімізді адал атқаруға, адамдардың қауіпсіздігін сақтауға, қылмыспен күресуге ант береміз. Сондықтан мемлекеттің тұрақтылығын сақтау үшін кез келген заңбұзушылықпен соңына дейін күресеміз. Бұл біздің міндет", - дейді Марат Байдүйсенов жауабында.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная