11 октября 2019 | 22:32

Елорданы таңдау кезінде Түркістан ойда болды - Елбасы

Түркістандағы Ахмет Яссауи кесенесі. Фото: egemen.kz

Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Хабар" телеарнасына берген сұхбатында Түркістан облысы құру және оның орталығын Түркістан қаласына көшірудің мәнін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Хабар" телеарнасына берген сұхбатында Түркістан облысы құру және оның орталығын Түркістан қаласына көшірудің мәнін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тұңғыш Президенттің айтуынша, бұл көптен ойда жүрген мәселе болған.

Реклама
Реклама

"Тіпті елорданы таңдау кезінде де Түркістан ойда болды. Ол кезде кішігірім қала. Елорданы ол жерге апара алмайтын болдық. Себебі бұл біздің рухани орталығымыз, тіпті түрік әлемінің рухани орталығы. Қожа Ахмет Яссауидің шығармалары мен ой-пікірі де сол жерден шыққан. Осындай тарихта баяғыдан жазылып келе жатқан қала, 1500 жылдық тарихы бар, осы күндері тарихы одан да бай делініп жүр. Сол қаланы жандандырып, оңтүстігімізде халық жеткілікті құдайға шүкір. Көптен бері қалай жасаймыз деп ойлап келе жатыр едім. Астананы салғаннан кейін оған онша қаражат та болған жоқ. 

Елбасының айтуынша, Шымкент миллион халқы бар қала болғаннан кейін орталыққа бағынатын Алматы мен Астана сияқты қала қылуға шешім қабылданған. 

"Осы себепті Түркістанды облыс орталығы деп жарияладым және Түркістан облысын жарияладым. Өздеріңіз білесіздер, барлық түркі тектес мемлекеттер мұны қолдады. Мен дұрыс шешім деп ойлаймын. Керемет қаланың орталығы салынып жатыр. Неше түрлі мұражайлар салынып жатыр, Қазақ тарихының, түрік тарихының мұражайы, үлкен ғимараттар, қонақүйлер, медиаорталықтар, мектептер, ауруханалар, саябақтар, барлығы салынып жатыр. Сондықтан бұл елімізде тағы бір үлкен орталықтың өскені, облыстың өскені, қазақ мәдениетінің қаймағы бұзылмаған, халқы көп тұратын өлкеде болғанының не жаманшылығы бар?", - деп қорытты Елбасы.

Айта кетейік, мұның алдында Елбасы Қазақстанның ең қазақи қаласын атаған еді.  

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная