ПОДЕЛИТЬСЯ
16 марта 2020 | 18:02
"Еңбекақыны төлеу тәртібі өзгермейді". Жұмысшылардың жұмыс істеу тәртібіне өзгеріс енгізіледі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов коронавирусқа байланысты жұмысшылардың жұмыс істеу режимі өзгеретінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов коронавирусқа байланысты жұмысшылардың жұмыс істеу режимі өзгеретінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, елімізде коронавирус пандемиясына байланысты кейбір мекемелер мен кәсіпорындардың жұмыс істеу тәртібі өзгеруі мүмкін.
"Осы жағдайға қатысты мекемелер мен кәсіпорындардың жұмысына шектеу қойып, кейбірі жұмысын тоқтатуға мәжбүр болады. Осыған байланысты жұмысшылардың жұмыс істеу режимі өзгереді. Осыған қатысты мен бүкіл жұмыс берушіге, өз жұмысшыларының алдында үлкен әлеуметтік жауапкершілік танытып, еңбек заңдылығын сақтауға шақырамын. Сондай-ақ жұмыс істеп жүрген азаматтардың еңбек құқықтарын білуі өте қажет", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Осы орайда Біржан Нұрымбетов жұмысшылардың енді қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.
"Бүгінгі таңда барлық кәсіпорын, мекемелер қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндігі болса, қашықтан жұмыс істеу режиміне көшуге міндетті. Бұл еңбек кодексінің 138-бабымен реттеледі. Егер де қашықтық жұмысына көшкен кезде жұмыстың еңбекақысы төлеу тәртібі өзгермейді. Мұнда азамат өзінің жұмыс орнында емес, үйінде жұмыс атқаруы мүмкіндігі болады. Еңбек кодексі бойынша оған жұмыс беруші тиісті жағдай жасауына міндетті және оның жалақысы атқарылған жұмысы бойынша төленеді", - деді министр.
Министр ақылы демалыс беру тәртібі қалай іске асатынын түсіндірді
Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа байланысты телеарна арқылы үндеу жасады. Ал кеше президент Қазақстанда төтенше жағдай жариялаған болатын.
Соңғы мәліметке сәйкес, елімізде 9 адам коронавирус жұқтырған, екеуі - Нұр-Сұлтанда, жетеуі - Алматыда.
Показать комментарии
Читайте также