09 декабря 2019 | 11:20

Енді АӘК тоқсан сайын тағайындалады - министр

© Тұрар Қазанғапов

Енді атаулы әлеуметтік көмек тоқсан сайын тағайындалады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Нұр-Сұлтанда "Атаулы әлеуметтік көмек бойынша мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуы" тақырыбында өткен Үкімет сағатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Енді атаулы әлеуметтік көмек тоқсан сайын тағайындалады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Нұр-Сұлтанда "Атаулы әлеуметтік көмек бойынша мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуы" тақырыбында өткен Үкімет сағатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, мұның алдында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа әлеуметтік көмектің ашық әрі әділ жолмен тағайындалуын тапсырған болатын. Осыған байланысты атаулы әлеуметтік көмектің мемлекеттік саясатына өзгерістер енгізілген еді.

Реклама
Реклама

"Атаулы әлеуметтік көмек шын мәнінде мұқтаж қиын өмірлік жағдайға тап болған және өз бетінше сол жағдайдан шыға алмайтындарға тағайындалатын болады. Бірақ АӘК-ның біраз тетігі өзгерді. Мысалы, бүгінгі таңда АӘК енді 6 айға немесе 12 айға ғана тағайындалады. Бізде 18 жыл бойы АӘК тоқсан сайынғы тәртіппен төленген болатын. Енді сол тәртіпке оралайын деп отырмыз. Себебі қазір, өздеріңіз де өңірге шыққанда байқап, естіп отырсыздар, 6 айға, 12 айға тағайындалғаннан кейін оның келесі тоқсандарында есептіктері, талаптары заң бойынша жеткілікті. Менің жеке пікірім, біз осындай шарттарды, міндеттемелерді неғұрлым көп енгізсек, соғұрлым халықты көп қинап, теріс әрекеттерге итермелеп отырамыз. Оның үстіне тоқсан сайын отбасының табысы өзгеруі мүмкін, жоғарылау жағына немесе төмендеу жағына да", -  деді министр үкімет сағатында.

АӘК алатындарға: Сыйақы түскенде көмектен айырылып қалмау үшін не істеу керек?

Сондықтан да Нұрымбетов тоқсан сайын отбасы табысы өзгеруі мүмкін екенін және сондықтан АӘК-ні тоқсан сайын ғана тағайындауды жөн көрдік дейді.

Бұдан бөлек, үкімет сағатында АӘК-нің тағы қандай тетіктері өзгергені, осы саладағы проблемаларды шешу жолдары және Президент жолдауындағы қай тапсырмалар орындалғаны талқыланды.

АӘК-пен кредит жабуға тыйым салынған - ТҮҚЖБ


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная