26 марта 2020 | 11:34

Енді елімізде митинг басқаша өтеді. Жаңа заң жобасы мақұлданды

Мәжілістің жалпы отырысында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мәжілістің жалпы отырысында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстанда бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру туралы" заң жобасы қаралды. Құжатты депутаттарға ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев таныстырды.

Реклама
Реклама

Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

"Біз еліміздің демократиялық даму жолында өте маңызды заң жобасын мақұлдадық. Біріншіден, осы бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібіне мәжілісте енгізілген өзгерістер ең алдымен мемлекеттік органдардың халықпен байланысын күшейтуге ықпал етеді", - деді мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Оның айтуынша, екіншіден, бұл құжат азаматтарға кез келген мәселені ашық және еркін талқылауға мүмкіндік береді.

"Мысалы, бұрынғы заңда митинг өткізу үшін бірінші кезекте рұқсат алу керек болатын. Қазіргі құжатта ең бастысы - бейбіт жиынға қанша адам қатысатынын, қандай мәселе болатынын және қайда өтетінін алдын ала ескерту қажет. Тағы бір ерекшелігі - ұйымдастырушылар мен қатысушылардың мемлекеттік органдардың жауапкершілігі қаралып, журналистердің құқықтары мен міндеттері белгіленіп отыр. Осының барлығы мемлекет, қоғам үшін өте қажет", - деп түйіндеді сөзін Нығматулин.

Айта кетейік, осыған дейін мәжіліс төрағасы бүгін кейбір депутаттардың неге жұмысқа шықпағанын түсіндірген болатын.

Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная