ПОДЕЛИТЬСЯ
16 августа 2023 | 17:04
Ергежейлі жігіттің сүйіктісіне жасаған ұсынысы желіде қызу талқыланды
Әлеуметтік желіде ерекше жұптың бас қосып жатқан видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әлеуметтік желіде ерекше жұптың бас қосып жатқан видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл видео Аяжан Айдарқұлова есімді TikTok желі қолданушысының парақшасында жарияланып, 850 мың қаралым, 30 мың лайк жинаған.
"Баршаңызға қайырлы күн! Мен інімнің үйленіп жатқан сәтінен бірнеше видео жүктеп едім, жағымсыз пікірлерден көз аша алмай қалдым. Жас жұбайларға бақыт тілеп жатқан жандарға рахмет. Сіздерге барлығын түсіндіргім келіп, видео түсірдім. Інілерімнің жасы 23, 24-те. Желідегілер інім мен келінім жайлы "Жасы қырықта, шал ғой, жігіт бай, бай болған соң қыз тиіп жатыр" деп түрлі пікір жазып жатыр. Қыздың жағдайы бізден жақсы. Оның иманы болғандықтан, інімді бақытты етемін деп тұрмысқа шықты. "Шетелдікке тұрмысқа шыққанша қазаққа тимейсің бе?" деп айтатындар бар. Менің бауырым - қазақ. Мен бауырларымнан ұялмаймын. Оның бойы аласа болғаны болмаса, бауырым жүре алады. Олар сіздер көрмеген, жүрмеген жолмен жүрген. Менің бауырым - ел аралап, ем іздеп, әлем бойынша осы дертіне шипа тапқан үшінші адам. Келінім ақша үшін ініме үйленген жоқ, бұл - махаббат. Мен бауырымды мүсәпір көрмеймін. Оның қыздарды шертіп тұрып таңдайтын жағдайы бар. Жаным бауырым, қолыңа қондырған құсың құтты болсын. Сен бар жақсыға лайықсың. Себебі Алла сені ерекше етіп жаратқан", - дейді Аяжан Айдарқұлова.
@ayazhan.aidarkulova #ешкімге #ұқсамайсың #сен #маған #керексің ♬ Ешкімге ұқсамайсың - ALHAM
Олардың арасында жас жұбайларға бақыт тілеп, махаббаттың ұлы сезім екеніне көз жеткізгендер де болды.
"Кім не десе, о десін. Бақытты болыңдар", "Әрбір жан бақытты болуға лайықты", "Жүрекке әмір жүрмейді, бақытты болыңдар", "Ерінің разылығын алам деген әйелге түрі де, басқасы да маңызды емес", -деп жас жұбайларға қолдау көрсетті.
Показать комментарии
Читайте также