"Ерінбей еңбек ету, темірдей тәртіп, әділдік". Тоқаев зияткер ұлт қалыптастыратын 6 қағидатты айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауында "бәсекеге қабілетті мемлекет, зияткер ұлт қалыптастыратын қағидаттарды" атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.", - деді Президент жолдауында.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауында "бәсекеге қабілетті мемлекет, зияткер ұлт қалыптастыратын қағидаттарды" атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.", - деді Президент жолдауында.
"Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы "Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек, күшті болуға бірлік керек, осы керектердің жолында жұмыс істеу керек" деді. Бұл көзқарас бүгін өзекті.
Біріншіден, 21 ғасырдың ұрпағы терең білімді болған жөн.
Екіншіден, жас буынды ерінбей еңбек етуге бейімдеу керек.
Үшіншіден, кез келген істі кәсіби дағды арқылы жүзеге асырған дұрыс.
Төртіншіден, темірдей тәртіп және жоғары жауапкершілік баршамыздың бойымызда болуы керек.
Бесіншіден, әділдіктен айнымаған жөн. Әділдік - қоғам дамуының маңызды шарты. Әділеттілік әсіресе ел-жұрттың тағдырын шешу үшін аса қажет қасиет.
Алтыншыдан, бізге керегі - адалдық, ұқыптылық, тиянақтылық. Бәріміз нағыз қазақты дәл осындай кейіпте көргіміз келеді. Біз сонда ғана бәсекеге қабілетті мемлекет, зияткер ұлт қалыптастыра аламыз. Қазақ зиялыларының жаңа кезеңдегі міндеті - ұлт болмысының жаңа қағидаттарын орнықтыру", - деді Мемлекет басшысы тікелей эфирде.
Тоқаев мораторий күшін жойса да жер шетелдіктерге сатылмайтынын айтты
Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шенеуніктерді қысқартуды және тұрғындарға зейнетақысының бір бөлігін алуға рұқсат етуді тапсырды.
Сонымен қатар, Үкіметке 2021 жылдан бастап "Аңсаған сәби" арнайы бағдарламасын бастауды және ЭКО бағдарламалары арқылы квота санын жеті мыңға дейін, яғни жеті есе көбейтуді тапсырды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!