10 января 2021 | 20:55

Ешқайсы әкімшілік немесе қылмыстық қудалауға ұшыраған жоқ - ІІМ заңсыз митингілер туралы

© Әлихан Сариев/Tengrinews

Ішкі Істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров Қазақстандағы заңсыз митингілер туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі Істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров Қазақстандағы заңсыз митингілер туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Карантин күшейтілген кей қалада сайлау комиссиясының төрағалары толтырған актілерге сәйкес санитарлық шектеулерді бұзғаны үшін және комиссия жұмысына кедергі келтіріп, сайлау учаскесінде болу тәртібін сақтамағаны үшін 10 бақылаушы ғимараттан мәжбүрлі түрде шығарылған. 

Реклама
Реклама

"Одан бөлек кей қалаларда заңсыз жиындар мен митингілер ұйымдастыру, соған қатысуға үгіттеу әрекеттері болды. Бұл азаматтарға жергілікті атқарушы органдар мен прокуратура қызметкерлері акцияның заңсыз екенін бірнеше рет ескертіп, тоқтату қажет екенін түсіндірді. Мемлекеттік билік өкілдерінің заңды талаптарын орындаудан кей азаматтар бас тартты. Оларды қызметкерлеріміз полиция бөлімшесіне жеткізуге мәжбүр болды. Олар профилактикалық әңгімелесуден кейін үйіне жіберілді. Ешқайсы әкімшілік немесе қылмыстық қудалауға ұшыраған жоқ. Жалпы елімізде қазіргі жағдай тұрақты", - деді Арыстанғани Заппаров ОКҚ алаңында өткен брифингте. 

Еске салайық, Қазақстан бойынша Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлауында дауыс беру астана уақыты бойынша сағат 20.00-де аяқталды. Онлайн трансляцияны мына сілтеме арқылы көруге болады. 

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная