ПОДЕЛИТЬСЯ
08 февраля 2020 | 13:25
"Ешкім де қашып құтыла алмайды". Абаев фейк таратқандардың анықталып жатқанын айтты
Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында болған жанжалдың неге ушыққанын, жалған ақпарат таратқан тұрғындар анықталып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында болған жанжалдың неге ушыққанын, жалған ақпарат таратқан тұрғындар анықталып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қордай ауданында болған қайғылы жағдай туралы ақпарат бергенде объектив болуға шақырамын. Азаматтарды алаңдадатын, елді шулататын мәліметтерді бермеуді сұраймын. Байқасаңыздар, бұл жағдай бір ауылдың деңгейінде болған. Алайда WhatsApp, Telegram сынды мессенджерлер мәселені қоздырып, жағдайды ушықтырған", - деп пікір білдірді ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте министр.
Оның айтуынша, осы фейк салдарынан бірнеше адам қаза тапқан, әрі кейбір тұрғындар жарақат алған, қаншама үй өртенген.
Осы орайда министр әрбір қазақстандықтың желіде таратқан ақпаратына заң аясында жауап беретінін айтты.
"Әрбір таратқан ақпаратымызға жауап береміз. Мұны ұмытпау керек. Бұл да айтылған сөз сияқты. Оны қайтара алмаймыз. Сондықтан аудионы, видеоны таратқанда абай болыңыздар. Сіз таратқан ақпараттан кінәсіз адамның зардап шекпеуін ойлау қажет. Мұны журналистер ғана емес, еліміздің әрбір азаматы ескеруі керек", - деді Дәурен Абаев.
Министр қазақстандықтарға асығыс шешім қабылдамауға, сабыр сақтауға кеңес беріп, жалған ақпарат таратқандар анықталып жатқанын жеткізді.
"Бұл жанжалды бастағандар ешқайда қашып құтыла алмайды. Қазір интернет, барлық әлеуметтік желілерге, мессенджерлерге мониторинг жүргізілуде. Ол жердегі видео, аудиохабарлар қаралады. Қазірдің өзінде бірнеше қолданушы анықталып отыр. Олар ұлтаралық араздықты қоздыратын хабарларды таратқан, дезинформация тудырған. Ол мәліметтер құқық қорғау органдарына беріледі. Бұл жанжалды бастағандар да, барлық арандатушы да жауапқа тартылады, - деді ол.
Сөз соңында ол Қордай ауданында болған оқиғаның мән жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылғанын, олар Қордай ауданына бара жатқанын хабарлады.
Жамбыл облысында болған оқиғада 8 адам қаза тапты
Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы полиция департаменті Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болғанын растады. Кейін WhatsApp, Facebook желісінде "Қордайдағы видеолар" деген атаумен түрлі видео тарады. Онда өртенген ғимаратты, сынған көліктерді, байқауға болады. Видеоның оқиға орнында түсірілген-түсірілмегені белгісіз.
Масанчидегі жаппай төбелеске 300 адам қатысқан. Оқиғаның хронологиясы
Сондай-ақ осы күні Масанчи ауылының маңындағы Сарытөбе ауылында тұрғындар мен полиция арасында жаппай төбелес болды. Оқиғаның видеосы да жарияланды. Кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қордай ауданындағы жағдайдайға қатысты пікір білдіріп, тәртіп бұзғандар жауапқа тартылатынын мәлімдеді.
Айта кетейік, Масанчи және Сарытөбе ауылдары Қырғызстанмен шекара маңында орналасқан.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также