ПОДЕЛИТЬСЯ
25 сентября 2020 | 16:10
"Ешкім қашқақтап жүрген жоқ". ДСМ Цойдың брифингке қашан шығатынын айтты
Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалғанына 2 айға жуық уақыт болған Алексей Цой неге журналистердің алдына шықпайды? Бұл сұраққа ДСМ ресми өкілі Бағдат Қожахметов жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалғанына 2 айға жуық уақыт болған Алексей Цой неге журналистердің алдына шықпайды? Бұл сұраққа ДСМ ресми өкілі Бағдат Қожахметов жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте журналистер ДСМ өкілінен министрдің халық алдына шығуын талап етіп, "неге жоғалып кеткенін" сұрады.
"Министрмен мен күнделікті кездесемін. Сіздерден ешкім қашқақтап жүрген жоқ. (...) Сізге айтайын дегенім. Қасымда міне отырған біздің Денсаулық министрлігінің өкілдері, басшылары, министр сіздердің сұрақтарыңызға әрқашан жауап беруге дайын. Алдағы жоспарлы баспасөз мәслихаты министрдің қатысуымен 1 қазанда осы ОКҚ-да болады. Естеріңізде болса, мен өткен апта 30 қыркүйекте болады деп едім. Бүгін қарасақ, кестесі бойынша ол келесі сәрсенбі - 30 қыркүйекте ол кісі Мәжілісте, Сенатта және Үкіметтің отырысына қатысады екен. Сондықтан, өкінішке қарай, уақыты жоқ. Бірақ 1 қазанда, бейсенбіде ОКҚ-ға келіп, сіздердің алдарыңызда кез келген сұрақтарыңызға жауап береді", - деді Қожахметов ОКҚ онлайн-брифингте.
Еске салайық, кеше бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин Facebook желісіндегі парақшасында денсаулық сақтау министрімен кездесе алмай жүргенін жазған еді. Ол сирек кезедсетін аурулардың дәрісін таба алмай жүрген ата-аналардың уәжін жеткізіп, 28 қыркүйекке дейін жауап беруін талап еткен.
"Алексей Владимирович, біз Сізбен балалардың құқықтарын, олардың өмірі мен денсаулығын қорғаудың жүйелік шешімдерін қажет ететін мәселелерді талқылау үшін кездесу керек деп айтқанбыз.
Сіз бұған әлі уақыт таба алмадыңыз. Бірақ блогерлермен кездесуге уақыт таптыңыз", - деген еді Аружан Саин.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также