07 февраля 2024 | 13:59

"Есік алдына шығу мұң". Күн жылынғалы ақтөбеліктерден маза кетті

Күн жылынғалы Ақтөбенің Мәскеу ауданының тұрғындарынан маза кетті. Кейбір көшелердегі тау болып үйілген қар еріп, жұртшылықты әбіргерге салуда. Тіпті, еріген қар суы тұрғындардың ауласына кіріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Күн жылынғалы Ақтөбенің Мәскеу ауданының тұрғындарынан маза кетті. Кейбір көшелердегі тау болып үйілген қар еріп, жұртшылықты әбіргерге салуда. Тіпті, еріген қар суы тұрғындардың ауласына кіріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Соңғы күндері Ақтөбеде ауа райы күрт жылынды. Оның үстіне қар жауып, қала тұрғындарын әбігерге салуда. Ал қаланың қақ ортасындағы Лев Толстой көшесінің тұрғындары қыс басталғалы көшенің қары тазартылмағанын айтады. Күн жылынғалы қар еріп, қазір тұрғындардың ауласына дейін су кіріп жатыр. Бұл көшенің тұрғындары "жылда көретін күніміз - осы" дейді. Себебі көше асфальтталмаған. Ал көктемде еріген қар суынан көше батпаққа айналады екен. Осы көшеде бірнеше жылдан бері тұратын Әлімжан Қонысбаев балшық болса балаларды мектепке апару қиынға соғатынын айтады.

Реклама
Реклама

"Қыс басталғалы көшенің қары тазартылған жоқ. Әр үйдің ауласының маңында тау болып үйіліп тұр. Қазір күн жылынып жатыр. Қар еріп, қазірдің өзінде жүру мүмкін емес. Ертең күн күрт жылынса су басады, балшық болады. Балаларды сабаққа әрең апарамыз. Бала түгілі үлкеннің өзі жүре алмайды. Көшеде асфальт болмағаннан кейін көретін күніміз - осы. Біздің айналамыздағы көшенің бәрі асфальт. Ал біз қанша жылдан бері азап көріп келеміз", - дейді Әлімжан.

Ал осы көшеде отыз жылдан бері тұратын Егізбай Шүкімбаевтың айтуынша, көше құрылғалы мүлде асфальт төселмеген. 2002 жылы ғана қиыршық тас төгіліпті. Тұрғындардың мәселені айтып, бармаған жері қалмаған.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная