01 октября 2018 | 16:53

Ескірген лифт кімнің есебінен ауыстырылуы керек

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент
© pixabay.com

Соңғы кездері Қазақстанның бірнеше қаласында ескірген лифт салдарынан адамдар зардап шекті. Тіпті, мертіккендер де жоқ емес. Кейін лифтісі ескірген сол үйлердің тұрғындары оны ауыстыруға қажетті қаражаттың және ол үшін берілетін несиеге коммуналдық қызметпен бірге ай сайын төлем жасауға мүмкіндіктерінің жоқ екенін айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Соңғы кездері Қазақстанның бірнеше қаласында ескірген лифт салдарынан адамдар зардап шекті. Тіпті, мертіккендер де жоқ емес. Кейін лифтісі ескірген сол үйлердің тұрғындары оны ауыстыруға қажетті қаражаттың және ол үшін берілетін несиеге коммуналдық қызметпен бірге ай сайын төлем жасауға мүмкіндіктерінің жоқ екенін айтты.

Сол себепті болар, таяуда ҚР Инвестициялар және даму министрлігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын реформалау мақсатында "Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын әзірледі. Ол концептуалды түзетулердің ішінде көппәтерлі үйлердегі ескі лифттерді әкімдік қаражатының есебінен ауыстыру бар. Осыған байланысты Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігіне ресми сауал жолдады.

Реклама
Реклама

Әкімдікке қарасты "Алматы қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекеме мамандарының айтуынша, енді расында да ескірген лифттерді ауыстыру жұмыстары жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландырылады.

"Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы" бойынша көппәтерлі үйлердегі ескі лифттерді ауыстыру жұмыстарын "Алматы тұрғын үй" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізеді. Бұл бағдарламаны қаржыландыру жергілікті бюджет қаражатынан жүзеге асырылады", - делінген жауапта.

Мамандардың айтуынша, тұрғын үйдегі ескірген лифтіні жергілікті бюджет есебінен ауыстыру үшін лифт иесінің өтініші қажет.

"Лифтіні ауыстыру үшін лифт иесі "Алматы тұрғын үй" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне өтініш беруі керек. Өтініш бағдарламаға сәйкес тізім бойынша қарастырылып, лифт кезек бойынша ауыстырылады", - деді басқарма қызметкерлері.

Басқармадағылардың сөзіне қарағанда, биыл Алматы қаласында 1,4 миллиард теңгеге 132 үйдегі мерзімі өткен 222 лифт ауыстырылған, жыл соңына дейін тағы 300 миллион теңгеге 27 үйдегі 44 лифт ауыстырылады. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная