ПОДЕЛИТЬСЯ
31 января 2020 | 12:39
"Есікті аша алмай қалдық". Елордада қалың қар көмген жер үй тұрғындары мұңын шақты
Нұр-Сұлтанда қатты боран соғып, қалың қардың жаууы тұрғындарды әбден титықтатып жіберген. Олардың арасында жердің үйдің тұрғындары да бар. Олар көшедегі қардың уақытында тазаланбағанына наразы. Тengrinews.kz тілшісі оқиғаның мән-жайын біліп көрді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтанда қатты боран соғып, қалың қардың жаууы тұрғындарды әбден титықтатып жіберген. Олардың арасында жердің үйдің тұрғындары да бар. Олар көшедегі қардың уақытында тазаланбағанына наразы. Тengrinews.kz тілшісі оқиғаның мән-жайын біліп көрді.
Бұл ескі орталық базарда орналасқан Тараз көшесіндегі көрініс. Толассыз жауған ақ ұлпаның кесірінен үйдің ауласы мен шатырын қар басып қалыпты.
Осы көшеде тұратын 38 жастағы астаналық тұрғын Ниязбек Ізбасаров ауладағы қарды далаға шығара алмай отырғанын жеткізді. Оның айтуынша, ол ауласы мен шатырындағы қарды 3 күн тазалапты.
"Қатты боран соққанын білесіздер. Шатырдағы қарды аулаға түсірдім. 3 күн ауладағы қарды тазаладым. Әкімдіктен қалай көмек сұраймын? Қаланы қар басып қалды ғой. Олардың өздеріне техника жетпей жатыр. Тараз көшесіндегі қардың тазаланбағанына біраз күн болды" - дейді ол.
Сондай-ақ Ізбасаров ауладағы қарды далаға шығара алмай отырғанын атап өтті.
"Үйдің ауласындағы қарды шамамша жолдың бойына шығардым. Ал оның барлығын шығарсам, жолды қар басып, көлік жүре алмай қалады", - дейді тұрғын.
66 жастағы Тілеубай Ержанов зейнет жасына қарамастан қолына күрек алып, қар күреп жүр. Ол Тараз көшесімен қиылысатын Қарағанды көшесіндегі үйде тұрады. Зейнеткер әкімдікке қарасты техника бүгін ғана көшені тазалауға кіріскенін жеткізді.
"Елордада 2 апта боран соқты. Қалың қар жауып, жүре алмай қалдық. Әкімдіктің жұмысшалыры бүгін ғана жолды тазалап жатыр. Оған дейін қарды тазалау үшін 15 мың теңгеге трактор жалдап, жолды аштық. Бұл ақшаны көршілермен бірге ақша жинадық. Тіпті, бұл жолмен адам тұрмақ, көлік жүре алмай қалды", - дейді ол.
Сонымен қатар тұрғын әкімдіктен көмек сұрап, Ikomek 109 қызметіне хабарласыпты.
Ал 68 жастағы Елубай Қазыбаев трактор жолдың жарты бөлігін ғана тазалағанын атап өтті. Оның пікірінше, қар уақытында тазаланбаса, көктемде бұл жерді су басуы мүмкін.
"Трактор Қарағанды көшесінің басын ғана тазалады. Сіз көшенің соңында тұрсыз. Аяғымның астында 1 метр қар жатыр. Осыған дейін бұл жерді ешқандай техника тазалаған да жоқ. Осы жердегі қар алынбаса, көктемде жол мен үйді су басады. "Суда астында қаламыз ба?" деген қорқыныш бар, балам. Бірақ, бұл қауіптің алдын алуға болады", - дейді зейнеткер ағынан жарылып.
Сонымен қатар 60 жастағы астаналық Мұрат Әкімбеков 2 метр қар жауғанын, оны күреп үлгере алмай жатқанын жеткізді. Ол да Қарағанды көшесінде тұрады.
"Қар жауып, боран соққанына шамамамен 15 күн болды. Кеше ауа райы дұрысталды. Қарды күреп үлгере алмай жатырмын. Оның қалыңдығы шамамен 2 метр. Қызымның көлігі 1 апта үйде тұрды. Бүгін ғана ауладағы қарды тазалап, көлікті әрең шығардық", - дейді тұрғын ағынан жарылып.
Оның жары Зәуре Әкімбекова табиғаттың тосын мінезінен далаға шығалмай қалғанын айтты.
"Осы үйде тұрып жатқаныма 17 жыл болды. 3 балам, 2 немерем бар. Боранды күні үйде болдық. Тіпті, қоқыс шығара алмай қалдық қой. Бұрын мұндай болмаған. Қыс бойы бұл көше тазаланбады. Үйдің шатырын қар басып қалды. Ол үстімізге құласа, өлеміз", - дейді ол қорқынышын жасыра алмай.
"Шаршап кеттім"Қарағанды көшесіндегі 55 жастағы тұрғын Мұхтар Қасенов қар күреп жүргеніне біраз уақыт болыпты.
"Бораннан ауланың есін ашаға алған жоқпыз. Қардың қалай жауғанын көріп тұрсыз. Оны тазалап шаршап кеттім. Неше күн қар шығарғаным есімде жоқ. Ал үйдің қабырғасы сөгіліп жатыр", - деп ызыланды тұрғын.
Әкімдік не дейді?Қар басып қалған Тараз бен Қарағанды көшесі "Тұлпар" сауда үйінің артында орналасқан. Мәселенің мән-жайын білу үшін Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне хабарластық. Әкімдіктегілер бұл ауданда 219 шақырымға созылған 219 көше мен тұйық көше бар екенін жеткізді.
Осы орайда әкімдік Тараз көшесі қардан тазаланып жатқанын, ал қалған көшелер осы жылдың 1 ақпанына дейін тазаланатынын атап өтті.
"Қазір таңда аудандағы көшелерді қардан тазалауға мамандандырылған 246 техника мен 430 жұмылдырылды. "Тұлпар" сауда үйінің артындағы Жүнісов - Жиенқұлов - Сембинов - Сейфуллин көшелерін қардан тазалау үшін 3 бригада жұмыс істеп жатыр. Олар жұмысын 1 ақпанда аяқтауы керек. Бүгінгі күні жалпы ауданнан 407 мың 697 текше метр қар шығарылды", - делінген әкімдіктің хабарламасында.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также