ПОДЕЛИТЬСЯ
15 декабря 2020 | 13:15
"Фотоға түсіру қолжетімді болған сайын талап күшейді". 26 елді аралаған қазақстандық фотограф
Қазір бесіктегі баладан еңкейген шалға дейін смартфонға фотоға түсіріп, бір сәтте танымал бола алады. Себебі оның қолындағы "ғажайып" смартфонның цифрлық технология арқылы жасалған камерасының мүмкіндігі зор. Ал осыдан 15-20 жыл бұрын, тіпті Тәуелсіздік алғанға дейін фото өнер қандай болды? Бәріміздің есімізде ауылға фотографты шақырып, кезекпен отбасы болып түсетін едік. Ал 70-80-жылдары арнайы фотостудияға баратын еді. Бірақ уақыт өте келе бәрі өзгерді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазір бесіктегі баладан еңкейген шалға дейін смартфонға фотоға түсіріп, бір сәтте танымал бола алады. Себебі оның қолындағы "ғажайып" смартфонның цифрлық технология арқылы жасалған камерасының мүмкіндігі зор. Ал осыдан 15-20 жыл бұрын, тіпті Тәуелсіздік алғанға дейін фото өнер қандай болды? Бәріміздің есімізде ауылға фотографты шақырып, кезекпен отбасы болып түсетін едік. Ал 70-80-жылдары арнайы фотостудияға баратын еді. Бірақ уақыт өте келе бәрі өзгерді.
Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Григорий Беденко фотоаппарат сатып алу үшін көшеден бөтелке жинап сатқан. Сол кездегі қиын еңбегі бүгінде оның танымал фотограф болуына ықпал етсе керек. Ол сапалы фото шығару үшін химиялық реакция арқылы фото өңдеп, қолы жараланған кездерін де еске алып, Tengrinews.kz тілшісіне фотоөнердің Тәуелсіздік жылдарындағы өзгерісі туралы айтып берді.
Григорий Беденко - журналист фрилансер. Фотоға түсіруге бала күннен әуестенген. Әлемнің 26 елін аралап, дүние жүзіндегі ең ірі үш ғарыш айлағында, соғыс ошақтары Ауғанстан мен Иракта қақтығыс кезінде болған.
"Журналистикаға да фото арқылы келдім"
Мен бала күнімнен суретке түсіремін. Алғаш рет 15 жасымда фотомды жарияладым. Журналистикаға да фото арқылы келдім. Кезінде Алматыда балаларға арналған фотостудия болатын. Мен сол жерде білім алдым. Фотостудияның жетекшісі өте талантты педагог Владимир Семенович Айзенберг еді. Қазір ол Германияда тұрады. Сол кісі менің сурет түсіруге деген қызығушылығымды арттырды. Содан кейін менің өмірлік ісіме айналды деуге болады.
"Алғашқы суретім газеттегі материалымда жарияланды"
Кеңес үкіметі кезінде "Дружная ребята" деген газет болатын. Бір күні Алматыда балалар салған суреттің көрмесі өтті. Сол кезде репортаж жасадым. 15-те едім. Репортаж үшін шағын мәтін жаздым және фото түсірдім. Сөйтіп алғашқы суретім "Дружная ребята" газетіне жарияланды. Мен журналистикаға да осы жарияланымнан кейін келген шығармын. Сол кезде өзіме ұнайтынын, маған қызық екенін ұқтым. Қазіргідей интернет болмаған соң тек газет-журнал, радиомен шектелетінбіз. Оларға бірдеңе жариялау үшін байланысың болуы керек немесе жақсы жұмыс ұсынуың керек еді.
"Ата-анам фотоаппарт үшін ақша бермеді"
Ал алғашқы фотоаппаратым Кеңес үкіметі кезіндегі балаларға арналған Смена 8М еді. Қазір оны классика дейміз. Сол кезде бәрі білетін фотоаппарат осы ғана еді. Кейін Зинит Е деген фотоаппарат болды. Оған объективтер шыққан. Ол уақытта мұндай фотоаппарат алу оңай емес, қымбат болатын. Осы Зинит Е-ні сатып алу үшін сабақтан кейін көшеде бөтелке жинайтынмын. Соған ақша жинадым. 150 рубль тұратын. Бұл дегенің КСРО азаматының орташа жалақысы еді. Мектеп оқушысы үшін бұл аз ақша емес. Ата-анам фотоаппарт үшін ақша бермеді. Саған керек болса, өзің еңбектеніп тауып ал дегендей.
"Қолыма экзема шыққан"
Кеңес үкіметі кезінде барлық фото ақ-қара түсте болған. Қағазға шығарудың өзі оңай іс емес еді. Қазір енді бәрі түрлі түсті, ашық, тіпті вайфай арқылы компьютерге жіберіп, өңдеуге болады. Қазір фото дайындау процесі өте тез. Ол кезде түрлі химия болатын. Тіпті қолыма экзема (жара - авт.) шыққаны есімде. Пленканы мұқият ұстау керек, түрлі химиялық қоспа арқылы өңдеу керек. Аналог фото дегенде екі ғана "химия" болатын. Қараңғы жерге сақтау керек дегендей. Содан кейін натрий сульфатын суда ерітіп, қоспа дайындайтынбыз. Бірақ дайын қоспалар да сатылатын. Тек олардың сапасы нашарлау шығатын. Ондағы химияның құрамы әлсіз. Сөйтіп фотоны түрлі химиялық қоспаның көмегі арқылы ұзақ процестен кейін дайын қылатын едік. Жалпы Кеңес үкіметі болған кезде фото мен фотоаппараттар аса бір ерекшеленбейтін. Яғни түрлі фотоаппарат болмаған. Фото үшін материал, пленка, фототехника деген тапшы болатын. Жақсы фото түсіру үшін алдымен біраз жұмыс атқару керек еді. Ол үшін материал табу керек дегендей. Тәуелсіздік жылдарының басында да осындай фотоаппараттар болды.
Notre Dame
"Цифрлық фото суретке түсіру өнеріне түбегейлі өзгеріс әкелді"
Ал 2000 жылдардың басында өмірімізге цифрлық фото келді. Ол суретке түсіру өнеріне түбегейлі өзгеріс әкелді. Мен 2006 жылдан бастап цифрлық фотомен айналыса бастадым. Алғаш рет Nikon D80 деген камера алғанмын. Ол кезде ең мықты деген аппараттың бірі болатын. 10 мегапиксель еді. Соның өзінде сапалы сурет түсіруге болатын еді. Тек ол уақытта әлеуметтік желі, смартфон дегендер болмады. Яғни интернетте адамдар өз жұмысын (суреттерін) жүктейтін сайттар жоқ еді. Ол кейін көз алдымызда көбейді. Міне, мен сол кезде түрлі порталға суреттерімді жариялап бастадым. Израильдік, украиналық, ресейлік танымал порталдарға жүктеймін. Қазір де профессионалдар жүктейтін арнайы сайттар азайды. Біздің қазақстандық талантты суретшілер жүктейтін 35photo.pro деген ірі портал бар. Сол жаққа саламын. Сондай-ақ өзімнің суреттерім жүктелген арнайы сайтым бар. Қазір көбіне өз сайтыма жүктеймін.
"Фотоға түсіру қолжетімді болған сайын, талап күшейді"
Фото өнері цифрлық технология келгеннен кейін мамандықтардың ішінде танымалдығы артты. Фото өнердің талабы күшейді. Мысалы, халықаралық танымал сайттарға фото жариялау қиындады. Критерийлер жоғарылады. Сөйтіп фотоөнер бәріне қолжетімді бола бастаса, нағыз өнердің танымалдығы артты.
"Көбіне фотоны әуеден түсіремін"
Шынымды айтсам, санын нақты білмеймін. Тек терабайтының көп екенін білемін. Себебі фото көп. Фоторепортаж, пейзаж, аэрофотолар көп. Мен көбіне тікұшақтан фотоға түсіргенді ұнатамын. Телеарнада жұмыс істегендіктен, көбіне төтенше жағдай, әуе саласындағы мамандармен жиі ұшамын. Сондықтан көбіне фотоны әуеден түсіремін. Оның үстіне бұл төбеден түсіргенде мүлдем басқаша көрінеді. Мысалы, біздің Балқаш маңы, Іле Алатауы, басқа тауларымыз, Көлсай, Шарын. Яғни маған жерлерді айтып отырғаным ғой. Бәрі төбеден ерекше көрініс болады. Мен қайда шықсам да, фотоаппаратымды алып жүремін. Кез келген пейзажды, жануарларды түсірген ұнайды. Біздің Қазақстанның табиғаты өте әдемі. Әсіресе, оңтүстік-шығыс аймақтың табиғаты әсем. Және әрине, саяхатта жүргенде фотоға түсіргеннің жөні бір бөлек.
Көлсай көлі
Көлсай көлі. Теңіз деңгейінен 2252 метр биіктікте түсірілген
Маған оңтүстік Азия елдерінің ішінде Үндістан, Ауғанстан, Бирма ұнайды. Әуе салондарын түсіремін. Буржа, Мәскеу қалаларында, Үндістан, Сингапурдың әскери әуе салондарында әуе техникаларын, ұшақтарды түсірдім.
Үндістан, Аллахабад қаласы, 2013 жыл.
"Дүние жүзіндегі ең ірі үш космодромда болдым"
Ғарыш айлағында фотоға түсірген ұнайды. Мен дүние жүзіндегі ең ірі үш космодромда болдым. Байқоңырда бірнеше рет болдым. 90-жылдардың соңынан кейін Қазақстан ғарыш бағдарламасына көп қатысатын. Сондықтан ол жаққа жиі баратынмын. 2003 жылы АҚШ-тағы космодромға бардым. Мен Орландо қаласында болғанда космодромға апаруды өтіндім. Сол кезде фотоға түсірдім. Бұл АҚШ-тың ең маңызды ғарыш айлағы.
"Операторыма оқ атылды"
Бірнеше рет қауіпті сәттер болды. Негізінен Ауғанстанда болды. 2001 жылы 11 қыркүйектегі терактіден кейін Ауғанстанға АҚШ әскері кірген кезде болатын. Ауғанстан мен Тәжікстанның шекарасында Памирдің екі өзені тоғысады. Біз сол жерде Ауғанстанда аумағында болдық. Тура сол жерде Амудария ағады және Айханум деген биікте орналасқан елді мекен бар. Кезінде ол жерге Александр Македонский қамал тұрғызған екен. Сол жерде тәліптер мен Ауғанстан билігі арасында қақтығыстар болды. Біз қақтығыс аймағының сызығына дейін оператормен бардық. Біз ол кезде Ауғанстандағы жағдайды баяндау туралы БАҚ ретінде барғанбыз. Сол жерде командир қалай жүру керегін түсіндірді. Талибандар орналасқан ауылды көрсетті. Сосын біз бәрін түсірдік. Бір кезде атыс болды, оны да түсірдік. Артымда операторым келе жатқан, бір қарасам жоқ. Сөйтсем ол бір ерекше гүлді көріп қалған, соны түсіріп жатыр екен. Бір кезде оқ атылды, екінші оқ та кетті. Секірдім де белдігінен ұстап, төменге тарттым. Себебі үшінші оқ оған дәл тиетін еді. Себебі снайпер көздеп отыр ғой.
Ирактың Бағдад қаласында үш күн болдық. Сол үш күнде де жарылыс болды. Біз Бағдадтағы ең биік, арнайы аймақта орналасқан қонақүйде болдық. Қасымдағы оператор жарылыс болып жатқан сәтті 21-қабаттан түсіріп тұрған. Бір кезде қонақүйден 2 шақырым жерде жарылыс болды. Қара түтін шықты. Сосын қонақүйге Қазақстанның елшісі келіп, бір министрге шабуыл жасалғанын айтып берді. Яғни Ирак ең қауіпті аймақтардың бірі болған. Мен карьерамда 26 елді араладым.
2018 жылы тамызда Ауғанстанның Кабул қаласына бардық. КТК телеарнасы тапсырма берген. Олар Дариға Назарбаеваның бастамасымен өтетін Ауғанстандағы әйелдердің құқығы жөнінде конференцияға арнап фильм түсіріп жатқан. Кабулда бір апта бойы елшіліктің территориясындағы қонақүйде тұрдық. Сөйтіп сол жақта Кабулды "әбден" көрдім. Әсерлі фотолар түсірдім. Бірақ ол жақта да қауіпті. Сол бір аптаның ішінде үш теракт болды.
Кабул. Ана мен бала
Кабул. Әскерилер
Кабул. Әжей
"Талғат Мұсабаевтың ғарышқа ұшқан сәтін түсірдім"
Тәуелсіздік жылдарында есімде қалған оқиғалардың бірі - Талғат Мұсабаевтың ғарышқа ұшқан сәті. Бұл кезде мен ғарыш айлағында болдым. Сол кезде фотоға түсірдім. Бұл - тарихи сәт. Айдын Айымбетовтің те ғарышқа түскен кезін түсірдім. Бәрін бірден еске түсіру қиын. Тағы 1998 жылы Астананы (қазіргі Нұр-Сұлтан) таныстыру кезінде түсірдім. Көбіне ғарышпен байланысты жаңалықтарға қатысты фотоларым көп.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также