16 марта 2021 | 15:30

GTA, такси, футбол. Қазнетте "Жұмабектің бажасы" туралы әзіл көбейді

Желіде "Жұмабектің бажасымен" деп полиция қызметкерлерінің талабына көнбеген жігіттің әрекеті әлі талқыланып жатыр. Бүгінде әлеуметтік желілерде мемдер тарап, әзіл видеолар жарияланды. Tengrinews.kz тілшісі Жұмабек туралы желіде тараған әзілдерді жинап шықты. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Желіде "Жұмабектің бажасымен" деп полиция қызметкерлерінің талабына көнбеген жігіттің әрекеті әлі талқыланып жатыр. Бүгінде әлеуметтік желілерде мемдер тарап, әзіл видеолар жарияланды. Tengrinews.kz тілшісі Жұмабек туралы желіде тараған әзілдерді жинап шықты. 

Таяуда әлеуметтік желілерде видео тараған, онда қарсы жолмен келе жатқан көлікті полицейлер тоқтатқаны көрсетіледі. Бірақ жүргізуші тәртіп сақшысының сөзін елемей, "Жұмабекке хабарлас" деп оқиға орнынан кетіп қалады.

Ескерту! Былапыт сөз айтылады.

Реклама
Реклама

Кейін Түркістан облыстық ПД өкілдері жүргізуші ұсталғанын, ал оны жібере салған қызметкерге қатысты тексеріс жүріп жатқанын хабарлаған. Отырар ауданында Жұмабек Төлеген деген полиция майоры жұмыс істейтіні де анықталды.

Бұл жағдай қазақстандықтардың назарынан тыс қалмады. "Жұмабектің бажасы" болу полицейлерден құтқарады деп ойлады ма, кей жүргізуші әзілдеп, көлігіне солай жазып қойған.  

Кейбірі Жұмабек деп жазу үшін көлігін қардан тазаламаған да секілді. 

Енді желідегілер жол ережесін бұзғанның бәрі Жұмабектің танысы деп ойлайтын секілді.  

Сондай-ақ, желіде ең көп тараған әзілдердің бірі - анимациялық видео. Онда терезесінде "Жұмабектің бажасымын" деп жазылған Lada Priora көлігі көрсетіледі. Роликте көлік полицейлерге мән бермей, қала ішінде зытқып жүреді.  

"Таяуда трейлері шығады", - деп жазылған жазба сипаттамасында. 

Тағы бір желі қолданушысы Жұмабектің бажасын франциялық танымал "Такси" фильмімен байланыстырыпты.  

Ескерту! Былапыт сөз айтылады.

"Жұмабек футбол ойнап кетіпті". Таяуда футболдан Қазақстан премьер-лигасының 1-турында "Тараз" ойыншысы Абылайхан Жұмабек гол соққан. Желідегілер Жұмабек полициядан кетіп, футболшы болыпты деп әзілдесті. 

"Жұмабектің бажасына" танымал бейнеойындардан да орын табылды.  

Осындай тағы бір роликте жүргізуші ауысып кетіпті. Бұл жолы тізгінде маймыл отыр. 

Еске салайық, осы оқиғадан кейін "Жұмабек жұмыстан шықты" деген ақпарат тараған еді. Түркістан облыстық Полиция департаменті бұл ақпаратты растамады. Жұмабек Төлеген лауазымынан айырылды, бірақ ішкі істер органдарында қалатыны хабарланған болатын. 

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная