ПОДЕЛИТЬСЯ
05 марта 2020 | 12:16
"Гүл де бермеу керек". Мереке қарсаңында мемқызметкерлерге неге сый жасамау керек?
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева мереке қарсаңында мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық бермеу керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева мереке қарсаңында мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық бермеу керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның пікірінше, мұндай қадамға барудың қажеті жоқ.
"Мереке қарсаңында мемлекеттік қызметкерлерге ешқандай сыйлық берудің қажеті жоқ", - деді Жазира Жылқышиева елордада өткен брифингте.
Осы орайда ол қызметкерлерден "басшыға неге сыйлық беруге болмайды?" деген сұрақты жиі еститінін атап өтті.
"Бүгінде біз ұжымдарды аралап жүрміз. Ондағы қызметкерлер "Басшымызға гүл бере алмаймыз ба?" деп сұрайды. Біз "Керек емес. Егер сыйлық бергіңіз келсе, оны қарапайым қызметкерлерге беріңіз. Сіз неге басшыға сыйлық беруіңіз керек? Басшыға сыйлық мәселені шешу үшін берілуі мүмкін. Сондықтан сыйлық беруге болмайды" деп кеңес береміз", - деді бірінші орынбасар.
Сонымен қатар Жазира Жылқышиева басшы сыйлық алса, ол заң аясында жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін ескертті.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңда көзделген шараларға сәйкес лауазымды тұлғаға құны 2 АЕК (5 302 теңге) сыйлық бергені үшін 200 АЕК (530 мың 200 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл қарастырылған. Ал мемлекеттік қызметкер бұл сыйлықты алғаны үшін 600 АЕК (1 миллион 590 мың 600 теңге) айыппұл төлейді. Құны 2 АЕК-тен (5 302 теңгеден артық) жоғары сыйлықты алса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады", - деді ол.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также