ПОДЕЛИТЬСЯ
07 апреля 2020 | 10:25
Гүлшара Әбдіқалықова үкімет басшысынан көмек сұрады
Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өңірдегі 38 елді мекенді су басуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өңірдегі 38 елді мекенді су басуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үкімет отырысында облыс әкімі өңірдегі өзекті мәселеге тоқталды.
"Қызылордада су торабын жөндеу мәселесі өзекті болып тұр. Бүгінде ол апатты жағдайда. Егер Қызылорда су торабы бұзылса, одан құдай сақтасын, өңірдегі 38 елді мекенді су басып қалу қаупі бар. Сонымен бірге облыстың 3 ауданы мен Қызылорда қаласы аумағындағы 110 мың гектар суармалы жер, 250 гектар шабындық пен жайылым сусыз қалады. Жобаның құны - 3,2 миллард теңге. Мемлекеттік сараптама бар", - деді ол.
Оның айтуынша, жобаны жүзеге асыру 2 жылға созылуы мүмкін. Осы орайда Гүлшара Әбдіқалықова апат жағдайының алдын алу үшін мемлекеттен қомақты қаржы бөлінуі керегін атап өтті.
"1 миллирд теңгенің 500 миллионын бөлу қаржыны желге ұшырғандай болады. Сондықтан бірден 2 жылға ауқымды ақшаны қарастырып алуымыз керек. Сонымен қатар, бұл жұмыстың маусымдық маңызы бар. Мысалы, егін науқанында бұл жұмысты бастай алмаймыз. Тек күзде егін жұмыстары біткен кезде жұмысты бастай аламыз. Асқар Ұзақбайұлы, ұлттық экономика, қаржы министрліктеріне тиісті тапсырманы берсеңіз", - деп өтінішін айтты облыс әкімі.
Үкімет басшысы бұл жобаға тиісті қаржы бөлінетінін жеткізді.
"Бұл жобаны қолдаймыз, қаржы бөлінеді", - деп Асқар Мамин жауабын қысқа қайырды.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также