ПОДЕЛИТЬСЯ
03 февраля 2020 | 16:47
"Хайп үшін емес". Кептелісте жедел жәрдемге көмектескен жігіт мән-жайды айтты
Әлеуметтік желіде ер адамның кептелісте жедел жәрдем көлігіне жол ашып беріп жүрген видеосы тараған. Желідегілер жедел жәрдемге көмектескен оған мақтауын аямай жатыр. Видеода медицина қызметкерлеріне көмектескен - алматылық Мәулен Тәжібай. Ол Tengrinews.kz тілшісіне видеодағы оқиғаның мән-жайын айтып берді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әлеуметтік желіде ер адамның кептелісте жедел жәрдем көлігіне жол ашып беріп жүрген видеосы тараған. Желідегілер жедел жәрдемге көмектескен оған мақтауын аямай жатыр. Видеода медицина қызметкерлеріне көмектескен - алматылық Мәулен Тәжібай. Ол Tengrinews.kz тілшісіне видеодағы оқиғаның мән-жайын айтып берді.
30 жастағы Мәулен журналистика саласында жұмыс істейді, қазір бір жобаның әкімшісі қызметін атқарып жүр. Бүгінде жары екеуі бір қызды тәбиелеп отыр.
"Досымыз екеуіміз жұмыстан қайтып бара жатқанбыз. Рысқұлов даңғылымен келе жаттық. Сол кезде Рысқұлов пен Шығыс айналма жолының қиылысында кептеліс басталды. Кейін біз отырған көліктің артында жедел жәрдем көлігі келе жатқанын байқадық. Біз дереу оны өткізіп жібердік. Сосын көліктен шығып, кептелісте тұрған басқа жүргізушілерге ескерте бастадым. "Көлігіңізді шетке қарай қойсаңыз, жедел жәрдем өтіп кетсін" деп сұрадым. Бар ойым сол жедел жәрдем қажет жеріне жылдам жетіп, көмек көрсетуі болды. Сол көліктің ішінде науқас адам жатыр, ол менің, кез келген адамның бір жақыны болуы мүмкін. Сондықтан ондай кезде қол ұшын созуға даналық керек емес деп ойлаймын", - дейді ол.
Әлеуметтік желіде отырмайтын Мәулен дәрігерлерге хайп жинап, желіде жұлдыз болу үшін көмектеспегенін айтады.
"Жедел жәрдемге көмектесіп, досымның көлігіне қайта отырдым. Сол кезде досым "Көмектескеніңді біреу видеоға түсіріп алып, жұлдыз қылып жібермесін" деп қалжыңдаған. Шыны керек, сол кезде бұл хайп болсын деген ой келмеді де. Хайп дегенді жеккөретін адаммын. Әлеуметтік желілерде отырмаймын. Тек WhatsApp мессенджерінде бармын. Жедел жәрдемге көмек керек болды, мен қол ұшын создым", - дейді Мәулен.
Ол видеоның желіде тарап кеткенін қалай білгенін айтып берді.
"Келесі күні Әнуар деген әріптесім осы видеоны WhatsApp-тан жіберіп, "Мынау сен бе?" деп сұрады. Мені біреудің түсіріп, желіге таратқанын сол кезде білдім. Ең қызығы, сол видеоны желіге көлікте бірге болған Самат деген досым жариялаған екен", - дейді ол.
Видеоны көрген желі қолданушылары Мәуленнің әрекетін мақтап жатыр. "Масқара! Жүргізушілердің адамгершілігі болмауынан жаяу адам басқа көліктерді жедел жәрдемді өткізуді сұрап жүр", "Бізді саналы адамдар пайда болған ба?" "Хайп па, жоқ па - айырмашылығы жоқ. Маңыздысы - біреудің өмірін сақтап қалуға көмектесті" деген пікірлер жазылған. Ал Мәулен Тәжібайдың өзі "видеоны көрген адам, мені хайп қуып жүр деп ойламаса екен" дейді.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также