02 сентября 2022 | 12:49

"Хиджаб біздің халыққа тән емес"

Фото: Н.К. Зейдлиц

Қоғамда әлі күнге дейін кимешек пен хиджабқа қатысты түрлі пікір қалыптасқан. Кейбіреулер хиджаб өзге ұлттың киім үлгісі деген пікірді ұстанса, енді бір бөлігі мұсылмандарға арналған киім екенін айтады. Халық арасында "кимешектің орнын хиджаб басты" деген түсінік те бары жасырын емес. Massaget.kz тілшісі осы даулы мәселенің аражігін ашу мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тарих факультеті Археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры міндетін атқарушы, тарих ғылымдарының докторы Бибизия Кендебекқызы Қалшабаевамен тілдесті.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Хиджаб туралы: "Біздің халыққа тән емес"

Бибизия Кендебекқызының пікірінше, кез келген халықтың қалыптасу жолында тұрмыс тіршілігі оның материалдық мәдениетіне, соның ішінде киім үлгісіне әсер етеді. 

Реклама
Реклама

"Хиджаб - кейінгі кезеңде көбейіп кеткен әртүрлі діни ағыммен байланысты арабтардан келген киім үлгісі. "Хиджаб" деген сөздің аудармасы "жамылғы" деген мағынаны білдіреді. Халқымызда "хиджаб" деген атаумен киім үлгісі болмаған. Хиджаб - жамылғы, яғни жасыратын зат. Хиджабты кімдер кигені белгілі. Ол бетті, екі қолды білезікке дейін және екі табанынан өзге бүкіл денені жауып тұрады. Ол кеңдеу тігіледі, қыздардың дене пішінін көрсетпейді. Бұл - кейін келген киім, біздің халыққа тән киім үлгісі емес. Себебі қазақ халқы қалыптасу жолында алғашында мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы болса, сол мал шаруашылығының ыңғайына қарай материалдық мәдениетіміз де қалыптасты. Оған киіз үй, киім үлгілері жатады", - дейді ол.

МАТЕРИАЛДЫҢ ТОЛЫҚ НҰСҚАСЫН МЫНА СІЛТЕМЕ АРҚЫЛЫ ОҚУҒА БОЛАДЫ.

Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная