23 июня 2020 | 10:06

Иммунитетіңіз жақсы болса, 6-7 күнде жазыласыз - маман коронавирус жұқтырғандарға

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото: Tengrimews.kz

Егер адамның иммун жүйесі мықты болса, коронавирусты алты-жеті күнде жеңеді. Бұл туралы ҚР жұқпалы аурулар бойынша жетекші маманы Динагүл Баешева айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Егер адамның иммун жүйесі мықты болса, коронавирусты алты-жеті күнде жеңеді. Бұл туралы ҚР жұқпалы аурулар бойынша жетекші маманы Динагүл Баешева айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маман бұл аурудың ерекшелігі - көзге көрінбейтін клиникасы барын атап өтті.

Реклама
Реклама

"Адамдар мұқият қарауы керек. Науқастар көбіне бір апта тық-тық жөтеліп, шаршап, ентікпе пайда болды деген адамдар, міндетті түрде, дәрігерді шақырып, осыны айтуы керек. Негізінен, дәрігерге, емханаға жүгірудің керегі жоқ. Дұрысы - жедел жәрдем шақыру керек. Әрине, адам көп. Мүмкін бір-екі қоңыраудан кейін түсе алмай қалатын шығарсыз. Бірақ сонда да түсінуіңіз керек. Я болмаса, емханадағы дәрігеріңізге хабарласып, "дене қызуым көтеріліп тұр" деуіңізге болады. Не болмаса коронавирус жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған шығарсыз, не болмаса отбасыңызда біреу ауырып жатқан шығар. Оны да айтсаңыз болады. 

Жұмыс істейтін болсаңыз, дәрігерге хабарласып, "больничный" аштыру керек. Жұмысқа хабарласып, ауырып қалғаныңызды ескертіңіз. Сосын күтім және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ұстансаңыз, жақын арада, көп болса, алты-жеті күнде, иммунитетіңіз жақсы болса, бұл аурудан аман-есен сауығып шығасыз", - деп түсіндірді Баешева.

Сондай-ақ, коронавирус жұқтырып, апта ішінде жазылғанмен, 14 күн бойы оқшаулануды ұмыптауды ескертті маман. Себебі бұл індеттің инкубациялық кезеңі екі аптаға созылады.

"5-6 алты күнде жұмысқа шыға алмайсыз. Себебі инкубациялық кезең 14 күнге созылады. Сондықтан міндетті түрде 14 күн үйде болыңыз. Күш жинап, демалыңыз, ауруды әбден жеңетіндей күш жинап алыңыз", - деді ол.

Дәрігер тұрғындарды вирустың қаупін дұрыс түсініп, дәрігердің айтқан емін қабылдап, санитария шаралары орындалса, науқастар жазылатынын атап өтті.

"Құрметті халайық, қазір дұрыс көзқараспен бір-бірімізге дұрыс көмек жасап, жазылып шығатын түгел мүмкіндігіміз бар", - деді Динагүл Баешева.

Еске салайық, Қазақстан бойынша ауырғандар саны - 18 231. Аурудан айыққандар саны - 10 962. Симптомсыз науқастар - 10625. Қайтыс болғандар - 127.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная