13 марта 2020 18:32

"Инфекция тоқтайды". Біртанов журналистерге өтініш айтты

Даурен Ерболат Журналист
Елжан Біртанов. Фото: Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов журналистерге өтініш жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов журналистерге өтініш жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың үш дерегі тіркелді. Осы орайда министр елдегі жағдай халыққа дұрыс түсіндіру қажетін айтып, журналистерден көмек сұрады.

Реклама
Реклама

"Сіздерге өтінішім бар. Бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндігін пайдаланып, азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Басқа мемлекеттерде 2-3 айдың ішінде мәселе шешіледі, инфекция тоқтайды. Сондықтан жағдайды түсіну қажет. Гигиенаны сақтаған жөн", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ, министр денсаулық сақтау министрлігі қабылдаған шешімдерді сақтау керегін атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін Біртанов Қазақстанда коронавирус жұқтырудың үшінші жағдайы тіркелгенін хабарлаған.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram