04 декабря 2019 | 17:43

Инженер, балқытушы, оқытушы. Министрлер еңбек жолын кім болып бастаған?

© Tengrinews.kz коллажы

Қазақстан үкіметінде 16 министрлік бар. Оларды басқарып отырған шенеуніктер еңбек жолын түрлі салада бастаған. Бірі зауытта балқытушы, бірі университетте оқытушы, ал тағы бірі салық инспекторы болып қызмет еткен. Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан министрлерінің еңбек жолын кім болып бастағанына шолу жасады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан үкіметінде 16 министрлік бар. Оларды басқарып отырған шенеуніктер еңбек жолын түрлі салада бастаған. Бірі зауытта балқытушы, бірі университетте оқытушы, ал тағы бірі салық инспекторы болып қызмет еткен. Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан министрлерінің еңбек жолын кім болып бастағанына шолу жасады.

Ерлан Тұрғымбаев - жедел уәкіл

Реклама
Реклама


Ерлан Тұрғымбаев

Ерлан Тұрғымбаев биыл 12 ақпанда ішкі істер министрі болып тағайындалған. Негізі министр "заңгер" мамандығын тәмамдаған. Кейін араға 20 жылдай уақыт салып "экономист" мамандығында оқыған.

Министрдің еңбек жолы құқық қорғау органында басталған. 22 жасында ол Қарағанды облыстық ІІБ Саран ауданы қылмыстық іздестіру бөлімшесінің жедел уәкілі болып қызмет атқарған. Сол жақта болашақ министр екі жыл еңбек еткен.

2002 жылдан бері Ерлан Тұрғымбаев Ішкі істер министрлігінде түрлі қызметтер атқарып келеді. Министрдің полиция генерал-лейтенанты шені бар. Сондай-ақ, ол қылмыстық жауапкершілік туралы кітап жазған.

Асхат Аймағамбетов - университет қызметкері


Асхат Аймағамбетов. © primeminister.kz

2019 жылдың 13 маусымнан бері Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігін басқарып келеді. Қарағандыда "тарихшы, тарих пәнінің мұғалімі" мамандығы бойынша тәлім алған. Кейін "құқықтану" факультетінде оқыған.

20 жасында ол өзі оқыған Қарағанды мемлекеттік университетінде қызметкер болып жұмыс істеген. 21 жасында Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты атанған.

Аймағамбетов еңбек жолында аға оқытушы, доцент, әкім орынбасары, білім басқармасының басшысы, вице-министр секілді қызметтерді атқарған.

Елжан Біртанов - медицина қызметкері


© ortcom.kz

Елжан Біртанов - 2017 жылдың 25 қаңтарынан бері денсаулық сақтау министрі. Болашақ министр дәрігерлердің отбасында дүниеге келген, сондықтан сол жолды таңдап, Алматы мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) тәлім алған. Кейін АҚШ-қа барып, білімін жетілдіріп қайтқан. Ресей мен Германияда да медициналық білімін арттырған.

Болашақ министр Алматыда Орталық қалалық клиникалық ауруханада медицина қызметкері болып еңбек жолын бастаған. 23 жасында токсиколог, реаниматолог болып қызмет еткен.

Біртанов мемлекеттік қызметінің басым бөлігін медицина саласында өткізген. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген.

Біржан Нұрымбетов - салық инспекторы


Біржан Нұрымбетов. © fprk.kz

Біржан Нұрымбетов биылдың 20 тамызынан бері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін басқарып келеді. Болашақ министрдің алғашқы жоғары білімі - "механика және қолданбалы математика" мамандығы. Кейін "қаржы" мамандығын тәмамдаған.

Нұрымбетов 25 жасынан бастап сол кездегі Жамбыл қаласында салық инспекторы болып жұмыс істеген. Кейін қалалық салық инспекциясы бөлімін басқарған.

Еңбек жолында министр әкім орынбасарының кеңесшісі, вице-министр, Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары болып жұмыс істеген.

Бейбіт Атамқұлов - балқытушы


Бейбіт Атамқұлов. © Тұрар Қазанғапов

Бейбіт Атамқұлов биыл 18 қыркүйекте индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалған. Министр жоғары білімді "инженер-металлург" мамандығы бойынша алған. Кейін Санкт-Петербургке барып, экономист білімін алып шыққан.

Оқу бітірген соң ол мыс қорыту зауытында балқытушы болып жұмыс істеген. Кейін цехта шебер, жетекші инженер болып тер төккен.

Артынша түрлі компанияда орынбасар, директор, президент қызметін атқарған. Қазақстанның түрлі елдердегі елшілігінде жұмыс істеген.

Соңғы үш жылда үш түрлі министрлікті басқарған.

Ақтоты Райымқұлова - оқытушы


Ақтоты Райымқұлова. © mks.gov.kz

Ақтоты Райымқұлова биылғы 17 маусымнан бері Мәдениет және спорт министрлігін басқарып келеді. 1987 жылы ол Алматыда Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияда "композиция" және "фортепиано" мамандығын бітірген. Кейін магистратурада "Менеджмент" мамандығын үйренген.

1990 жылдан бастап сол кезде 26 жаста болған Райымқұлова өзі оқыған консерваторияда және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде оқытушы болған. 2014 жылға дейін ол мемлекеттік консерваторияда түрлі қызмет атқарған.

Соңғы бес жылда Мәдениет және спорт министрлігінде жұмыс істеп келеді. Бұған дейін министрлікте комитет төрағасының орынбасары, департамент басшысы, вице-министр болып қызмет еткен.

Ақтоты Райымқұлова - түрлі симфониялық поэмалардың, балет, пьесалардың авторы.

Қанат Бозымбаев - әкім көмекшісі


Қанат Бозымбаев. © Tengrinews.kz

2016 жылдың 25 наурызында Қанат Бозымбаев энергетика министрі болып тағайындалған. Министр "Экономикалық және әлеуметтік жоспарлау" факультетін тәмамдаған.

Бозымбаев еңбек жолын бірден мемлекеттік қызметте бастаған. 25 жасында Алматы қаласы әкімінің көмекшісі атанған. Содан бері ол мемлекеттік қызметтен кеткен жоқ.

Қанат Бозымбаев түрлі жылдары Air Astana, "Қазақстан темір жолы", "ҚазМұнайГаз" компанияларында директорлар кеңесінің төрағасы болған. Жамбыл және Павлодар облыстарында әкім қызметін атқарған.

Ол энергетика министрі болып екі рет қайта тағайындалған.

Бақыт Сұлтанов - экономист


Бақыт Сұлтанов. © Тұрар Казанғапов

Биыл 17 маусымда Бақыт Сұлтанов Сауда және интеграция министрі болып тағайындалған. Жоғары білімді "инженер-электрик" мамандығы бойынша алған. Бір жылдан кейін экономист мамандығын тәмамдаған.

Бозымбаев секілді Сұлтанов та еңбек жолын бірден мемлекеттік қызметте бастаған. Ол Қаржы министрлігіндегі бөлімдердің бірінде жетекті экономист болған.

Бақыт Сұлтанов еңбек жолында көбіне экономика саласына жақын қызметтер атқарған. Бұл оның үшінші рет министр болуы. Бұған дейін Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен Қаржы министрлігін басқарған.

Бір жылға жуық уақыт бойы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып, биыл министр атанған еді.

Мағзұм Мырзағалиев - инженер


Мағзұм Мырзағалиев. © primeminister.kz

Мағзұм Мырзағалиев биыл 17 маусымнан бастап жаңадан құрылған Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігін басқарып келеді. Министр "халықаралық экономист" мамандығы бойынша білім алған.

Мырзағалиев еңбек жолын "Теңіз" кен орнында инженер ретінде бастаған. 2007-2010 жылдары "ТеңізСервис" компаниясында бас директор болса, кейін "ҚазМұнайГаз" АҚ басқарушы директоры атанған.

2013 жылдан бері мемлекеттік қызметке ауысып, екі түрлі министрлікте вице-министр болып еңбек еткен.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная