23 июня 2020 | 17:25

"Инвалидті жібермейсіздер ме?". Қызылорда облысында тұрғындар ауруханаға кіре алмай шу шығарды

Даурен Ерболат Журналист

Бүгін Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы аурухананың алдында ұзын-сонар кезек пайда болған. Оқиғаның мән-жайын облыс әкімінің баспасөз хатшысы Бақытжан Омар түсіндіріп берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы аурухананың алдында ұзын-сонар кезек пайда болған. Оқиғаның мән-жайын облыс әкімінің баспасөз хатшысы Бақытжан Омар түсіндіріп берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оқырмандар бүгін редакциямызға видео жолдады. Видео Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы аурухана алдында түсірілген. Мұны облыс әкімінің баспасөз хатшысы растады.

Реклама
Реклама

Видеодан адамдардың ауруханаға кіре алмай жатқанын көруге болады. Аурухана алдында ұзын-сонар кезек пайда болған. Сондай-ақ, ер адамның "Қайда барасыздар? Инвалидті жібермейсіздер ме?" дегенін естуге болады.

Бақытжан Омар Шиелі ауданындағы ауруханада болған жағдайды былайша түсіндірді.

"Шиелідегі ауруханадан хабарласты. Олар маған жағдайды түсіндірді. Кезекте тұрған адамдардың арасында коронавирус бар-жоғына тест тапсырушылар және басқа да ауруларға байланысты келгендер де бар. Мысалы, бас ауруы, қан қысымының жоғары болуы және тағы басқа себептерге байланысты", - деді ол.

Қызылорда облысы әкімі баспасөз хатшысы шудың неден шыққанын түсіндіруге тырысты. 

"Оның себебі белгісіз. Видеодан шулаған адамдардың даусын естігуге болады. Біріншіден, адамдар кезекті бөлісе алмаған. Екіншіден, дәрігерлер кезектегі адамдардан арақашықтық сақтауды сұрап өтінген. Тұрғындар арақашықтықты сақтамаған, қалай болса солай кезекке тұра салған", - деді Бақытжан Омар.

Ол аурухана алдына жиналған тұрғындарды дәрігерлер "арақашықты сақтаңыздар, маска тағыңыздар" деп талап қойып, сабырға шақырғанын атап өтті.

"Қазіргі таңда жағдай тұрақты. Тұрғындарға тиісті медициналық көмек көрсетілді. Кейін олар үйлеріне қайтты. Дәрігерлердің карантин талаптарын сақтау туралы өтініші облыстық бас санитар дәрігердің соңғы қаулысын негізге ала отырып жүзеге асырылды", - деді Бақытжан Омар.

Айта кетейік, Қызылорда облысында 572 адам коронавирус жұқтырған. 515 науқас дертінен айыққан, аурудан қайтыс болғандар жоқ.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная