11 января 2021 | 10:27

"Ипотекамды жабамын", "шипажайға барамын". Зейнетақы жинағының бір бөлігін қайда жұмсайсыз?

© Тұрар Қазанғапов

Бүгінде қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін алу мәселесін кеңінен талқылап жатыр. Біреулері шотындағы жинақты баспана алуға жұмсаймын десе, тағы бірі әзірше ол қаражатты жұмсамайтынын айтады. Ресми деректерге сүйенсек, 721 мың қазақстандық зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын ала алады. Tengrinews.kz тілшісі  қазақстандықтардан осы мүмкіндікті қалай қолданатыны туралы сұрап білді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгінде қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін алу мәселесін кеңінен талқылап жатыр. Біреулері шотындағы жинақты баспана алуға жұмсаймын десе, тағы бірі әзірше ол қаражатты жұмсамайтынын айтады. Ресми деректерге сүйенсек, 721 мың қазақстандық зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын ала алады. Tengrinews.kz тілшісі  қазақстандықтардан осы мүмкіндікті қалай қолданатыны туралы сұрап білді.

Айта кетейік, зейнетақы жинағының бір бөлігін жұмсау ережелері толық бекітілсе, барлық акт қабылданып, зейнетақы жинағының бір бөлігі беріле бастайды.

Реклама
Реклама

Лаура, қаржыгер, 34 жаста

Алматылық Лаура әзірше зейнетақы жинағының бір бөлігін алмайтынын айтады.

"Қазір халық арасында дүрбелең болып жатыр, бәрі ақшаны шешіп алуға асығып жатыр. Шотымда әзірше қаражат аса көп емес. Бірақ бәрі саябырсыған соң мен баспана алу үшін жинағымның бір бөлігін алуды жоспарлап отырмын. Асығыс емеспін. Бастапқыда басқа қаладағы бір үйімді сатқан соң ғана зейнетақы жинағымның бір бөлігін жұмсаймын", - дейді Лаура.

Меруерт, декреттегі ана, 28 жас

"Әзірше декретте болғандықтан зейнетақы жинағыма тиіспеймін деп шештім. Оған қоса, онда менің жасыма сәйкес келетін ақша жиналмады. Ал болашақта оны ипотекаға алған пәтеріміздің қарызын аздап болса да жабар едім. Одан ақша қалса тісімді жөндетсем бе деп ойлаймын ",  - дейді екі баланың анасы.

Жансая, дәрігер, 32 жас

"Менде әзірше ол мүмкіндікті пайдалану жоспарда жоқ. Себебі қазір өзім жұмыс істеп жүрмін. Тек кредиттерімді төлеуден қиналмасам, ипотека бойынша қарызым жоқ. Баспана алуды да әзірше жоспарлап отырғанымыз жоқ. Сондықтан, меніңше, ол жинақты жұмсамай-ақ қойған жөн. Сол қалпы жинала берсе, соғұрлым жинақ та көбейеді емес пе?", - дейді Жансая.

Сара, зейнеткер, 66 жаста

Тараздық зейнеткер бірінші кезекте үйінде жөндеу жұмыстарын жүргізетінін айтады.

"Осы уақытқа дейін ақша жинап көрмеппіз. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, үйімізді дұрыстап алайық деген шешімге келдік. Жер үйде тұрамыз, пәтерге көшкіміз жоқ. Пәтер алу да әзірше жоспарда жоқ. Себебі пәтерде тұруға үйренбегенбіз. Сондықтан мен бұл жолы міндетті түрде жинақтың бір бөлігін шешіп алып, оны жөндеу жұмыстарына жұмсаймын. Жетіп қалады деп ойлаймын. Артылып қалса шипажайға емделуге жұмсаймын", - дейді Сара апай.

Гүлмира, IT саласының қызметкері, 26 жаста

Елордалық Гүлмира әзірше шотында жеткілікті қаражат жиналмағанын айтады.

"Қазір 26 жастамын, бекітілген кестедегі сандарға қарасақ, шотымда қазір кем дегенде  2 170 000 теңге болуы керек. Өкінішке қарай, менде әзірше ондай сома жиналмады. 2-3 жылдан кейін ғана болмаса, әзірше менде жинақтың бір бөлігін қолдану мүмкіндігі болмай тұр. Ал қазір мүмкіндігім болғанда мен ол қаражатты баспана алу үшін алғашқы жарнаға құяр едім", - дейді Гүлмира.

Самат, оқытушы, 44 жаста

Алматылық оқытушының айтуынша, әзірше оның зейнетақы шотында 3 820 000 теңге жоқ.

"Кезінде тұрақты жұмыс істемегендіктен жинағым аз болып шықты деп ойлаймын. Дегенмен алдағы уақытта 5-6 жылда жинағым көбейіп, ипотекаға баспана алсам ба деп отырмын. Бұл біз үшін мықты мүмкіндік деп ойлаймын", - дейді оқытушы.

Зейнетақы жинағының бір бөлігін алу: шотты қалай ашу керек?

Еске салайық, биыл 2 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға мүмкіндік беретін заңға қол қойған еді.

Кейінірек Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдері зейнетақы жинағының бір бөлігін қалай пайдалануға болатынын түсіндіріп берген болатын. Қордағылар қаражатты нақты қай мақсатта қолдануға болатынына жеке-жеке тоқталған еді.


Зейнетақы жинағының шекті сомасы

Зейнетақы жинағының бір бөлігін алу кезінде комиссия ұстала ма?

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная