13 марта 2020 | 18:56

"Жағдай қиын". Біртанов коронавирустан сақтанудың ең тиімді жолын айтты

Даурен Ерболат Журналист

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирустан сақтаудың ең тиімді жолын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирустан сақтаудың ең тиімді жолын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елімізде 3 қазақстандық қауіпті дертті жұқтырған. Осы орайда министр халық тарапынан түсіністік пен қолдау керегін атап өтті.

Реклама
Реклама

"Қазір жағдай қиын. Дәрігерлерге қолдау қажет. Олар жұқпалы аурулармен тікелей жұмыс істеуде. Тек қана дәрігерлер ғана емес, шекара, полиция қызметі де бар. Мүмкіндік болса,  біз оларды қорғауымыз керек. Себебі, олар басқа азаматтармен қарым-қатынас жасайды ғой. Басқа азаматтарға осы жұқпалы ауруды таратса, бұл үлкен мәселеге айналады", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сонымен қатар, Елжан Біртанов коронавирустан сақтаудың ең тиімді жолын айтты 

"Ең тиімді алдын алу шарасы - гигиенаны сақтау және изоляция. Мүмкіндік болса, қажетсіз кездесуге, мерекелерге, тойларға қатыспай үйде отырайық. Онда кітап оқып, кино көріңіз. Қазір сондай ұсыныстар түсіп жатыр. Мен мұны "өте жақсы ұсыныс" деп ойлаймын. Мүмкіндік болса, ұсынысты қолдаңыз. Сонда бәрі дұрыс болады деп сенемін", - деп түйіндеді сөзін денсаулық сақтау министрі.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная