27 мая 2020 | 15:33

"Жалақы 2,5 есе өседі". Тоқаев денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді көтерді

Даурен Ерболат Журналист

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді шешуді тапсырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді шешуді тапсырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жалақы 2,5 есеге өседі"

Реклама
Реклама

Президент коронавирус пандемиясы әлемдегі денсаулық сақтау жүйесі үшін ауыр сынақ болғанын, осы салада елімізде шешімін таппаған күрделі мәселелер барын атап өтті.

"Бұл ахуал елімізде кәсіби дәрігерлердің тапшы екенін анық аңғартты. Бұған еңбекақының аздығы, мамандықтың беделді болмауы, дәрігерлер құқығының қорғалмауы себеп болып отыр. Түрлі сала мамандары ішінде ең төменгі жалақыны дәрігерлер алады. Үкіметке биылдан бастап, дәрігерлердің еңбекақысын кезең-кезеңмен арттыруды тапсырамын. Олардың айлығы экономикадағы орташа жалақыдан 2,5 есе артық болуы керек. Бұл көрсеткішке 2023 жылға қарай қол жеткізу қажет", - деді ол Ақордада өткен ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында.

"Қылмыстық жауапқа тарту мәселесін қайта қарау керек"

Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда қазақстандық медицина туралы хабарлар теріс пікір тудыратынын ашық айтты. Оның пікірінше, дәрігерлерді қылмыстық жауапқа тарту мәселесін қайта қарау керек. 

"Дәрігерлер жасады-ау деген қате үшін заңсыз, әділетсіз қылмыстық қудалау фактілері жиі кездесетін болды. Менің ойымша, бұл тәжірибені қайта қарау керек. Атап айтқанда, медицина қызметкерлердің өз міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесін сыни тұрғыдан қайта талдау керек", - дейді Мемлекет басшысы.

Президент бұл жағдай дәрігерлерді жауапкершіліктен босатуды көздемейтінін жеткізді. Ол медицина мамандарына қатысты іс әлемнің дамыған елдеріндегі сияқты әкімшілік құқықпен реттелуі керегін айтты.

"Мен медициналық қызметкерлерді құқықтық және қаржылық жағынан қорғау жүйесін дайындап, оны енгізуді тапсырамын", - деді Тоқаев.

"Жаңа ауруханалар салынады"

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы еліміздегі ауруханалардың басым бөлігі ескіргенін атап өтті.

"Қазақстанда медициналық мекемелердің жартысынан көбі және медициналық мекемелердің үштен бір бөлігі тозған. Алдағы 5 жылда мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерін медициналық мекемелермен 100 пайыз қамтамасыз етуіміз керек. Сонымен қатар, жаңа ауруханаларды салу қажет. "Жұмыспен қамту" жол картасының аясында биыл 24 жаңа денсаулық сақтау нысаны пайдалануға беріледі. 2025 жылға қарай мемлекеттік бағдарлама бойынша 20 ірі клиника салынады. Құрылыс мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде жүзеге асырылады", - деді Президент.

"Індет өршіп кетуі мүмкін"

Қасым-Жомарт Тоқаев әлемде коронавирус пандемиясы өршіп кетуі де мүмкін екенін жеткізді. 

"Сондықтан жұқпалы ауруларды емдейтін клиникалардың барлығын халықаралық стандарттарға сәйкестендіруіміз керек", - деді ол.

"Жаңа заң әзірленеді"

Отырыста Президент енді мемлекет биологиялық қауіпсіздікке баса мән беретінін айтты. Осы мақсатта жаңа комитет құрылып, Қазақстанның биологиялық қауіпсіздігі туралы заң дайындалады және бас санитар дәрігердің мәртебесі мен өкілеттіктері артады.

"Өмірдің өзі бұл реформаны талап етіп тұрғандай. Осы саладағы мамандардың әлеуметтік жағынан қамсыздандыру шаралары қабылданады және осы мамандыққа оқыту жүйесі қайта қаралады. Сонымен қатар, инфекциялық аурулармен күресте шет мемлекеттермен ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажет. Биологиялық қауіпсіздік жүйесі бірыңғай стандарттарға сәйкес жұмыс істеуі керек және мемлекет арасындағы тиімді өзара іс-қимыл мен қауіп-қатерлерге жауап қайтаруды қамтамасыз етуі шарт... Жыл соңына дейін Қазақстанның биологиялық қауіпсіздігі туралы заң әзірленуі керек", - деді Тоқаев.

Медициналық ақпарат арнайы базада сақталады

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласында цифрландыру жұмысын тездетіп, оның тиімділігін арттыруды тапсырды.

"Медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізу жүйесіне енгізу керек. Денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында бірыңғай цифрлық жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Медициналық ұйымдардың 90 пайызы осы платформаға кіріктіріледі. Электрон денсаулық паспорты ензіліп, медициналық ақпаратты сақтау үшін бірыңғай база құрылады", - деді ол.

"Импортқа тәуелдіміз"

Президент пандемия кезінде елімізді дәрі-дәрмекпен және медициналық өнімдермен қамтамасыз ету барысында олқылықтар анықталғанын атап өтті.

"Біз - импортқа тым тәуелдіміз. Шетелден келетін дәрілердің нарықтағы үлесі 88 пайызға жуық. Фармокологиялық зерттеулер жүргізу үшін тәжірибеміз жеткілікті. Ғылыми база мен білікті мамандар да бар. Сондықтан үкімет дәрі-дәрмек өндірісінің бір тұтас жүйесін құруы қажет. Мұнда зерттеу жүргізуден бастап, өнеркәсіптік деңгейге дейінгі үдерістер қамтылуы тиіс", - деді Тоқаев.

Осы орайда ол фармацевтика, медицина өнеркәсібі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру міндеті денсаулық сақтау министрлігіне жүктелгенін жеткізді.

"Бұл ретте саланы дамыту және халыққа тиімді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің тепе-теңдігі бұзылмауы керек. Үкіметке отандық фармацевтика өнеркәсібін дамыту жоспарын жасауды тапсырамын. Онда нақты көрсеткіштер мен міндеттер айқындалуы тиіс", - деп түйіндеді сөзін Қазақстан президенті.

Айта кетейік, осыған дейін Мемлекет басшысы митинг туралы заңға қатысты пікірін білдіріп, ауылдағы мұғалімдердің мәселесін көтерді

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная