11 февраля 2021 | 12:27

"Жалақысы төмен, жауапкершілігі жоғары". Сенатор балалар дәрігерлері тапшылығын айтты

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото: nasmorkoff.ru

Жалақысы төмен, жауапкершілігі жоғары болған соң жас кардиохирургтер бұл мамандық бойынша тұрақтап істемейді. Сенатор Нұртөре Жүсіп елдегі балалар аритмологтары, балалар кардиохирургі, перфузиолог мамандарының тапшы екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жалақысы төмен, жауапкершілігі жоғары болған соң жас кардиохирургтер бұл мамандық бойынша тұрақтап істемейді. Сенатор Нұртөре Жүсіп елдегі балалар аритмологтары, балалар кардиохирургі, перфузиолог мамандарының тапшы екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жүрек реанимациясы мен қарқынды терапия бөліміндегі науқастарда дәрі-дәрмектер, атап айтқанда қосымша антибиотиктер, иммундық және басқа дәрілер, сондай-ақ қымбат МРТ аппараттары жетіспейді. Қазір 7 қаладағы кардиохирургиялық 10 орталықта балалардың туа бітті жүрек ақауына операция жасау мүмкіндігі бар. 2020 жылы 18 жасқа дейінгі балалар арасында ашық жүрекке - 1627, оның ішінде 1 жасқа дейінгі - 1128 балаға, 271 нәрестеге операция жасалған. Операция жасау барысында хирургтер көп жағдайда шұғыл шешім қабылдайды. Ал бұл - үлкен жауапкершілік. Жалақысы төмен, жауапкершілігі жоғары болған соң жас кардиохирургтер бұл мамандық бойынша тұрақтап істемейді", - деді Нұртөре Жүсіп премьер-министр Асқар Маминге арналған депутаттық сауалында.

Сондай-ақ, сенатор елімізде тағы балалар аритмологтары, балалар кардиохирургі, перфузиолог мамандарының тапшылығын және осы мамандықтардың мәртебесін, сонымен бірге жалақысын көтеру қажет екенін атап өтті.

Реклама
Реклама

"Кепілдендірілген медициналық көмек аясында көрсетілетін қызметтерге тарифтік саясатты қайта қарау керек. Жетіспей отырған медициналық кадрларды даярлау мәселелерін жедел шешу, халықаралық мастер-кластар өткізу және озық елдердің тәжірибесінен сабақ алу қажет. Материалдық-техникалық базаны нығайту және клиникаларды қамтамасыз ету, логистиканы жақсарту және диагностика мен емдеудің клиникалық практикасына заманауи медициналық технологияларды енгізуді жеделдету маңызды", - деді Нұртөре Жүсіп.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная