ПОДЕЛИТЬСЯ
11 февраля 2020 | 15:57
Жамбыл облысына жаңадан келген бас полицей туралы не білеміз?
Кеше генерал Жанат Сүлейменов Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалған еді. Ол Қордай ауданындағы қақтығысқа байланысты қызметінен кеткен Арман Оразалиевтің орнына келді. Tengrinews.kz тілшісі Жанат Сүлейменовтің еңбек жолы туралы деректерді жинады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Кеше генерал Жанат Сүлейменов Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалған еді. Ол Қордай ауданындағы қақтығысқа байланысты қызметінен кеткен Арман Оразалиевтің орнына келді. Tengrinews.kz тілшісі Жанат Сүлейменовтің еңбек жолы туралы деректерді жинады.
Ішкі істер министрлігінде - 36 жыл
Жанат Сүлейменов 1962 жылдың 22 шілдесінде Қарағанды облысы Нұра ауданы Кең-Жарық ауылында дүниеге келген. 22 жасында КСРО Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғары мектебін тәмамдаған. Мамандығы - заңгер. Кейін 2001 жылы ҚР ІІМ Академиясында магистратурада оқыған.
Сүлейменовтің еңбек жолының бәрі дерлік Ішкі істер министрлігіне қарасты басқармаларда өткен. Түрлі басқарма, департаментте басшы орынбасары қызметін атқарған.
Ең алғашқы басшылық қызметіне 2009 жылы 47 жасында тағайындалған. Сол кезде ІІМ Есірткі бизнесімен күрес комитетінің төрағасы болған. Содан кейін түрлі органда басшы қызметін атқарады. Олардың ішінде Қылмыстық полиция комитеті, Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті, Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментін басқарған.
2017 жылы Тәуелсіздік күні қарсаңында ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалып, бір жарым жылдай сонда еңбек еткен. Осы қызметінен кейін Сүлейменов Жамбыл облысы полиция департаментін басқарып отыр. Ішкі істер министрлігінің органдарында жұмыс істеп келе жатқанына 36 жыл болған.
10-нан аса медаль мен төсбелгі таққан
Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы кеудесіне бірнеше медаль таққан. "Айбын" ордені, "Ерлігі үшін" медалі, "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ардагері" медалі, "Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін" медалі, "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл" секілді медальдармен марапатталған. Жалпы алғанда, 10-нан аса медаль мен төсбелгісі бар.
Жанат Сүлейменов. Фото: ҚР ІІМ
2018 жылы полиция генерал-майоры шенін алған. Өңірдің бас полицейі екі тілде еркін сөйлейді.
Жанат Сүлейменовтің отбасы, жеке өмірі туралы мәлімет жоқ. Парақшасын әлеуметтік желілерден де таба алмадық.
Тұрмыстық қақтығыста тәжірибесі бар
Сүлейменов жергілікті халықпен тығыз жұмыс істеп, тұрғындарды жиі қабылдап тұрады. ОҚО полиция департаментін басқарғанда солай болған. Бұл тәжірибесін ол Жамбыл облысында да жалғастыруы мүмкін.
2019 жылы 1 қаңтарда Қарағандыда төбелес болып, бір адам қаза тапқан еді. Сол төбелесті ұлтаралық қақтығыс деп теңегендер де болған. Оған Армения СІМ өкілдері де араласқан. Бұл қақтығыстың тексерісіне сол кездегі ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов етене араласқан еді.
Сол кезде Сүлейменов төбелестің ұлтқа қатысы болмағанын, "тұрмыстық қақтығыс" болғанын айтқан болатын.
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі
Бұған дейін Жамбыл облысы полиция департаментінің экс-басшысы тұрғындарға үндеу жасаған еді. Арман Оразалиев Жамбыл облысының белсенді азаматтарына, полиция қызметкерлері мен жақындарына алғыс білдірген.
Оразалиев Қордай ауданындағы қақтығыстан соң Мемлекет басшысының тапсырмасымен қызметінен кеткен еді. Енді Жанат Сүлейменовтің басты міндеті - облыстағы жағдайды реттеу.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также