08 июля 2020 | 11:30

Жамбыл облысында 68 жүкті әйел мен 100-ге жуық бала коронавирус жұқтырды - Сапарбаев

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырғандар санының жартысына жуығы жұмыс істемейтін: зейнеткерлер, жұмыссыздар, жүкті әйелдер және балалар. Бұл туралы аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырғандар санының жартысына жуығы жұмыс істемейтін: зейнеткерлер, жұмыссыздар, жүкті әйелдер және балалар. Бұл туралы аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазір өңірде коронавирус жұқтырған 1 866 адам тіркелді. Өткен тәулікте 77 адамнан COVID-19 анықталды. 

Реклама
Реклама

"Жалпы науқастардың 865-і симптоммен, 1001-і симптомсыз. Осыған дейінгі өткізілген облыстық штабтың отырыстарында тұрғындарымызға үндеу жасаған болатынбыз. Ең бірінші санитарлық талаптарды сақтау керек, қауіпсіздікті қамтамасыз ету керек. Әркімнің денсаулығы бірден-бір өзіне байланысты деп. Өкінішке қарай, өңірімізде бетперде тақпай, той-томалақ дегендер әлі тоқтайтын емес. Соның салдарынан тек қана кешегі таңда 77 науқас тіркелді. Осы уақытқа дейін тіркелген науқастарды талдайтын болсақ, негізінен олар 305-і зейнеткерлер, 475-і жұмыссыздар, 68-і жүкті әйелдер, 100-ге жуығы балалар", - деді Сапарбаев Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі онлайн-брифингте.

Облыс әкімі коронавирус жұқтырғандардың көбі жұмыс істеп жүрген емес, үйде отырған азаматтар екенін атап өтті.

"Яғни үйінде отырған (жұмыс істемейтін - еск.) азаматтар мен балалар үйінде отырмайды. Басқа жаққа шығып кетеді. Көрші өңірлерге барады. Міне соның салдарынан өсіп отыр. Жалпы емделіп шыққан азаматтардың саны - 598. 3 адам қайтыс болды. Оның біреуі Павлодар облысының тумасы болатын", - деді әкім.

Сондай-ақ, өңір басшысы қазір пневмониямен ауырып жатқандардың саны 869-ға жеткенін айтты.

"Қазір екі жақты өкпе ауруы да көбейіп кетті. Қазір біздің ауруханаларда 896 адам емделіп жатыр. Соның ішінде 732 науқас белгіленген ауруханаларда ем қабылдап жатыр. Жалпы науқастарға көмектесу үшін 1855 төсек қорын жасақтадық. Оның ішіндегі инфекциялық төсек орындардың пайдаланылуы - 71 пайыз", - деді Сапарбаев.

Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 51 059-ға жетті. 16 928 науқас аурудан айықты, 264 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная