12 февраля 2021 | 16:23

Жамбыл облысында карантинде 548 миллион теңге бюджет қаражаты орынсыз жұмсалған

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz

Жамбыл облысында карантин кезінде мектеп оқушылары үшін компьютер аламыз деген қаражат орынсыз жұмсалған. Компьютерге кепілдік болмаған, бірақ тапсырыс беруші оны қабылдаған. Бұл туралы Республикалық арнайы мониторинг тобы жетекшісінің орынбасары Зәуреш Батталова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысында карантин кезінде мектеп оқушылары үшін компьютер аламыз деген қаражат орынсыз жұмсалған. Компьютерге кепілдік болмаған, бірақ тапсырыс беруші оны қабылдаған. Бұл туралы Республикалық арнайы мониторинг тобы жетекшісінің орынбасары Зәуреш Батталова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қашықтан білім беру қалай жүргізіліп жатыр деп білім саласындағы қаржының қалай жұмсалып жатқанын тексердік. Сонда 2020 жылы карантин кезінде Жамбыл облысының бюджетіне айтарлықтай қомақты ақша бөлінген. Біздің қоғамдық мониторинг бюджет қаржысын 548 миллион 444 мың теңге орынсыз пайдаланғанын анықтады. Бұл ақша оқушылар үшін компьютер алуға жұмсалған. Осы кезде техниканың сипаттамасы Білім және ғылым министрлігі көрсеткен сипаттамадан төмен болған. Министрлікте қандай техника болу керегін түсіндіріп арнайы бұйрық шығарылған. Сондай-ақ, бұл техниканың ешқандай кепілдік қағазы болмаған. Компьютерді жеткізген тұлға қолдануға жарамайтын кепілдік талонын қосқан. Егер бұл техника бұзылып қалса, онда оның ақшасын кім қайтарады? Бұл - үлкен мәселе. Тапсырыс беруші де тауарды сертификатсыз қабылдаған. Бұдан басқа да сұрақтар көп", - деді Зәуреш Батталова Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің онлайн-брифингінде.

Айта кетейік, агенттіктің Facebook желісіндегі парақшасында 2020 жылы "Ашық бюджеттердің интерактивті картасы" бойынша жергілікті бюджеттерді бақылау нәтижелері туралы онлайн брифинг өтті.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная