17 ноября 2020 13:51

"Жаңа жыл кеші болмайды". Балалар екінші тоқсанда қалай оқиды?

Рахила Тлеуова Корреспондент
Көрнекі сурет: vestipmr.info

Қазір қашықтан оқып жүрген балаларға мектепте жаңажылдық шара ұйымдастырылмайды. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазір қашықтан оқып жүрген балаларға мектепте жаңажылдық шара ұйымдастырылмайды. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кезекші сыныпқа баратын оқушылардың арасында 1 қыркүйек пен 16 қараша аралығында 302 КВИ жағдайы тіркелді. Бір баладан вирустық пневмония анықталды. Қазір 456 бала емделіп жатыр. Оқу жылының басынан бері мектеп персоналының арасында 241 жағдай тіркелді", - деді комитет төрайымы ОКҚ онлайн-брифингте.

Реклама
Реклама

Бас санитар мектеп оқушыларының екінші тоқсанда біразы неліктен офлайн режимде оқуға көшкенін түсіндірді.

"Оқудың жаңа форматына көшудің себебі - кезекші сыныптағы оқушылардың арасында аурушаңдықтың төмендігі болып отыр. Ата-аналардың көпшілігі қазіргі кезде жұмыс істейді және мониторинг нәтижесі бойынша мектептер офлайн режимде жұмыс істеуге дайын екені анықталды. Бірақ эпидемиологиялық ахуал нашарлаған жағдайда оқыту форматы бойынша өңірдегі мемлекеттік бас санитар дәрігермен бірлесіп, әкімдік жанындағы штаб шешім шығарады. Бүгінде кезекші сыныпта тек 1-4 сынып және халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін, сондай-ақ келетін бала саны 300-ден асырмай сабақ өтуге рұқсат етілді",  - деді ол.

Сондай-ақ Айжан Есмағамбетова мектептегі асхана мәселесін қалай шешуге болатынын атап өтті.

"Кезекші топта оқитын балаларды тамақтандыру мәселесі мектептің материалдық-техникалық жағдайына байланысты. Мектеп басшылары мен өңірлік бас санитар дәрігерлер бірлесіп шешетін болады", - деді ол.

Комитет төрайымы биыл дәстүрлі режимде оқып жатқан балаларға жаңажылдық кеш өткізуге рұқсат етілмегенін атап өтті.

"Мектепке барып жүрген оқушыларға жаңажылдық шыра ұйымдастырылмайды", - деді Айжан Есмағамбетова. 

Сонымен қатар, брифинг барысында ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы мектепке барып жүрген балаларды ата-анасы кез келген уақытта қашықтан оқуға ауыстыра алатынын айтты.

"Иә, ата-ана баласын қашықтан оқытуды ойласа, кезекші сыныптағы баланы ауыстыруға болады. Оған ата-анасы өтініш жазуы керек", - Майра Меделбекова.

Еске салайық, биыл ел мектептері екінші тоқсанды 16 қарашадан бастады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram