05 октября 2020 | 15:43

Жаңа карантин, блокбекет және химиялық зат шашу. Желідегі жалған ақпараттар

"Қазақстандағы қалалар карантинге жабылады, ұшақтар аспаннан химиялық у шашып жатыр". Желіде қазақстандықтар осыған ұқсас түрлі жалған ақпарат таратқан. Таяуда мұғаліміне үй тапсырмасын жіберу үшін интернет іздеп, қолын сындырған оқушы туралы да хабарлама тараған. Tengrinews.kz тілшісі соңғы уақытта қазақстандықтар таратып жатқан жалған ақпараттар туралы баяндайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Қазақстандағы қалалар карантинге жабылады, ұшақтар аспаннан химиялық у шашып жатыр". Желіде қазақстандықтар осыған ұқсас түрлі жалған ақпарат таратқан. Таяуда мұғаліміне үй тапсырмасын жіберу үшін интернет іздеп, қолын сындырған оқушы туралы да хабарлама тараған. Tengrinews.kz тілшісі соңғы уақытта қазақстандықтар таратып жатқан жалған ақпараттар туралы баяндайды.

"Алматы карантинге жабылады" - фейк

Реклама
Реклама

Пандемия басталғалы халық арасында Желіде Қазақстанның түрлі қаласы карантинге жабылып, блокбекет қойылады деген ақпарат үздіксіз тарап жатыр. Сондай фейктердің бірі таяуда Алматыға қатысты айтылған.

Бүгін Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қазанда Алматының карантинге жабылатыны туралы қауесетке жауап берді.

"Мұның барлығы фейктердің таралуы. Бұл процеске қатысқым келмейді. Қаланы жабу болжанбайды. Бізде өсім немесе жаңа штамм туралы хабарлайтын эпидемиологиялық бақылау қызметі бар. Біз жеткілікті түрде қадағалап жатырмыз", - деді Жандарбек Бекшин.


Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

"15 қазаннан бастап Нұр-Сұлтан жабылады"

Қазақстандықтар WhatsApp арқылы 15 қазаннан бастап Нұр-Сұлтанда карантин енгізілетіні туралы ақпарат таратып жатыр.

Аудиохабарламаның авторы - белгісіз ер адам. Ол досы Әнуарды істерін тезірек аяқтауға шақырады, өйткені, оның айтуынша, 15 қазаннан бастап Нұр-Сұлтанда кіріп-шығуға тыйым салынады. Ол қазір бұл процеске дайындық жүріп жатқанын атап өтеді.

Кейін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті осы аудиохабарламаға қатысты мәлімдеме жасады. Ведомствоның мәліметінше, қаланың айналасында бақылау-өткізу бекеттерін орнату туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

"Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтанды биылғы 15 қазаннан бастап жабу және қаланың периметрі бойынша блокбекет қою мәселесі қарастырылмады. Құрметті тұрғындар! Сіздерден әлеуметтік желілердегі сенімсіз ақпараттарға сенбеулеріңізді және тек ресми ақпарат көздеріне сенім артуды сұраймыз", - деді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.

"Оқушы интернет табамын деп қолын сындырып алды" - фейк

Әлеуметтік желілер мен кей БАҚ-та интернет іздеген оқушы құлап, қолын сындырды деген ақпарат тараған. Дәлірек айтқанда, Атырау облысындағы Жантерек аулында үшінші сынып оқушысы үй тапсырмасын мұғаліміне жіберу үшін трактордың үстіне шыққан. Себебі өңірде интернет сигналы болмаған. Нәтижесінде оқушы трактордан құлап, қолын сындырып алған.


Фото:elements.envato.com

Атырау облысы Қызылқоға ауданының әкімдігі бұл ақпараттың жалған екенін хабарлады. Аудандық әкімдіктің мәліметінше, бала Жантерек ауылынан 10 шақырым жерде орналасқан Қаракөлдеу қыстағында жарақат алған.

"Бала демалыс күндері ата-әжесіне қонаққа барған. Сол жақта ойнап жүріп ол тракторға мініп, құлап қалған. Бала болған жағдай туралы ересектерге айтпаған. Дүйсенбі мен сәрсенбі аралығында ол мектепке барған, тек бейсенбіде бала қолы ауырып жатқанын айтады. Сол кезде оны Атыраудағы ауруханаға жеткізген, онда иығы сынғаны анықталған. Балаға гипс тағылды, дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалады", - деп хабарлады әкімдіктегілер.

Әкімдік өкілдері Жантерек ауылындағы № 75 мектеп штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Қазір мектепте 41 оқушы дәстүрлі түрде оқып жатыр.

"Қытайлық ұшақ Алматы үстінен химиялық зат шашты" - фейк

WhatsApp мессенджерінде Алматы үстінен ұшып өткен "қытайлық" ұшақ "химиялық радиоактивті заттар шашты" деген аудиожазба тараған. Бұл жазбаға дәлел ретінде маршрутты көрсететін flightradar24 сайты картасының скриншоты қатар жүреді.

Stopfake.kz сайты бұл ақпараттың жалған екенін хабарлады. Порталдың мәліметінше, аудиожазбамен бірге жіберілген суретте катарлық Qatar Airways авиакомпаниясының Бейжіңнен Дохаға ұшып бара жатқан жолаушылар ұшағы көрсетілген.

Бұл ақпаратты Stopfake.kz түсініктеме сұраған Индустрия және инфрақұрылымдық дамыту министрлігі де растаған.


Фото stopfake.kz сайтынан 

Тиісті ведомство, сонымен қатар, ұшақтан химиялық заттар шашылды деген хабарды ресми түрде жоққа шығарды.

"Мұндай биіктікте химиялық заттар шашу мүмкін емес. Сонымен қатар, ұшақтың бұл түрі мұндай жұмыстарға жарамсыз", - деді министрліктегілер.

WhatsApp арқылы тараған "химиялық заттарды шашу" туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Жердегілердің көзіне көрінетін құбылыс - бұл ұшақтың конденсация ізі, деп түсіндіреді портал.

"Салық төлемегендерге 20 мың теңге айыппұл салынады" - фейк

Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы өткен салықтық кезеңдер үшін берешегі бар азаматтар борышын 1 қазанға дейін өтемеген жағдайда 8 АЕК (20 000 теңге шамасында) көлеміндегі айыппұл есептелетіні туралы хабарлама тарап жатыр.

Қаржы министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтады.

"ҚР Қаржы министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды. Жеке тұлғалар бюджетке жер және мүлік салықтарын өткен жыл үшін ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін төлеуі тиіс. Көлік салығы ағымдағы жыл үшін 31 желтоқсанға дейін өтеледі. Қолданыстағы ҚР Салық заңнамасында айыппұл есептеу шаралары көрсетілмеген. Тек салықты уақытылы төлемеген жағдайда өткізілген әр күнге өсімпұл есептеледі", - деді министрліктің баспасөз хатшысы Әлібек Әбділов.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная