Жаңа үкіметтің орташа жасы қаншада?

26 Ақпан, 19:06
0

2017 жылы Нұрсұлтан Назарбаев үкімет мүшелерін тағайындаған кезде олардың орта жасы жайлы пікір білдірген еді. "Ең жасы 36-да, ең егдесі 50 жаста. Олардың бәрі ағылшын тілін біледі және білімді. Олар батыс елдерінің оқу орындарында білім алған. Олардың мүмкіндіктері көп. Менің кезімде дәл осындай мүмкіндіктер болған жоқ", - деген еді Нұрсұлтан Назарбаев цифрландыру мәселелері жөніндегі республикалық кеңесте.

Tengrinews.kz тілшісі күні кеше сайланған министрлердің жасы жайлы мәлімет жинады. Олар көршілес жатқан мемлекеттердің министрлерінен жас па, әлде үлкен бе? Айта кетейік, үкімет мүшелерінің орташа жасы - 50-де. Олардың ішінде ең жасы Дәурен Абаев 39 жаста, жасы ең үлкені Бердібек Сапарбаев. Ол 66-да.

Үкіметтің жаңа құрамына басшы болған премьер-министр Асқар Маминнің жасы 53-те.

Мәселен, Ресей елінің премьер-министрі Дмитрий Медведев 53-те. Қырғыз елінің премьерінің жасы 51-де. Өзбекстанның премьер-министрі Абдулла Арипов 57-де екен.

ҚР премьер-министрдің бірінші орынбасары және қаржы министрі Әлихан Смайылов 46-да.

Оның басқа мемлекеттегі әріптестерінің жастары мынадай: Ресейде 55-те, Қырғызстанда 58-де, Өзбекстанда 55-те.

Премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбектің жасы 43-те.

Үкімет басшысының тағы бір орынбасары Гүлшара Әбдіқалықованың жасы 53-те.

Олардың әріптестерінің жастары мынадай: Ресейде 53-те, Қырғызстанда 51-де, Өзбекстанда 45-те.  

Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтың жасы 54-те.

Оның басқа мемлекеттегі әріптестерінің жастары мынадай: Ресейде 68-де, Қырғызстанда 41-де, Өзбекстанда 71-де.

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың жасы 56-да. 

Оның басқа мемлекеттегі әріптестерінің жастары мынадай: Ресейде 63-те, Қырғызстанда 44-те.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың жасы 57-де.

Оның басқа мемлекеттегі әріптестерінің жастары мынадай: Ресейде 57-де, Қырғызстанда 58-де, Өзбекстанда 58-де.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 39-да. 

Ол басқа мемлекеттегі әріптестерінен де жас болып шықты: Ресейде 40-та, Қырғызстанда 42-де, Өзбекстанда 50-де.

Әділет министрі Марат Бекетаевтың жасы 41-де.

Оның басқа мемлекеттегі әріптестерінің жас мөлшері мынадай: Ресейде 50-де, Қырғызстанда 40-та, Өзбекстанда 38-де.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 47-де. 

Оның басқа мемлекеттегі әріптестерінің жастары мынадай: Ресейде 58-де, Қырғызстанда 56-да, Өзбекстанда 57-де.

Мәдениет және спорт министрі - Арыстанбек Мұхамедиұлы 56-да. 

Оның басқа мемлекеттегі әріптестерінің жастары мынадай:  Ресейде 48-де, Қырғызстанда 42-де, Өзбекстанда 68-де.

Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев 46-да. 

Оның басқа мемлекеттегі әріптестерінің жастары мынадай: Ресейде 40-та, Қырғызстанда 42-де, Өзбекстанда 44-те.

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев 50-де. 

Оның басқа мемлекеттегі әріптестерінің жастары мынадай: Ресейде 47-де, Қырғызстанда 52-де, Өзбекстанда 52-де.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев 66-да. 

Ол басқа мемлекеттегі әріптестерінің арасында да ең үлкені: Ресейде 51-де, Қырғызстанда 45-те, Өзбекстанда 38-де. 

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров 51-де. 

Оның басқа мемлекеттегі әріптестерінің жастары мынадай: Ресейде 41-де, Қырғызстанда 44-те, Өзбекстанда 40-та.

Білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинова 61-де.

Оның басқа мемлекеттегі әріптестерінің жастары мынадай: Ресейде 59-да, Қырғызстанда 52-де,  Өзбекстанда 60-та.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр 48-де. 

Оның басқа мемлекеттегі әріптестерінің жастары мынадай: Ресейде 50-де, Қырғызстанда 52-де, Өзбекстанда 63-те.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов 44-те. 

Оның басқа мемлекеттегі әріптестерінің жастары мынадай: Ресейде 36-да, Қырғызстанда 50-де, Өзбекстанда 63-те.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Читают
Обсуждают
Сегодня
Неделя
Месяц