ПОДЕЛИТЬСЯ
18 июля 2020 | 15:35
"Жаназаға бармаңыздар". Қайрат Жолдыбайұлы халыққа үндеу жасады
"Қазір жаназа көп, құрметті ағайындар, ет жақыны болмасаңыздар, жаназа рәсімдеріне бармаңыздар". Белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы қазақстандықтарға осындай үндеу жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Қазір жаназа көп, құрметті ағайындар, ет жақыны болмасаңыздар, жаназа рәсімдеріне бармаңыздар". Белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы қазақстандықтарға осындай үндеу жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ардақты ағайындар! Қазіргі індетке байланысты мен сіздерге маңызды бір үндеу тастағым келіп отыр. Жаназа көбейді. Күн сайын қаралы хабарды естіп, жүрегіміз ауырып, көңіліміз құлазып, қабырғамыз қайысуда. Өкінішке орай, әлі күнге дейін ауыл-ауылда, тіпті қалаларда құдалық сияқты той-томалақ әлі үзілмей тұр, жалғасып жатыр. Соны доғарыңыздар. Болмайды... Себебі сол құдалыққа, сол қуанышқа келген кісілердің арасынан осынау дертке шалынып, қаншама адам мына дүниемен қоштасып жатыр. Сондықтан тойды, томалақты, құдалық сияқты рәсімдерді доғарыңыздар. Қазір жаназа көп, құрметті ағайындар, ет жақыны болмасаңыздар, жаназа рәсімдеріне бармаңыздар", - деді Қайрат Жолдыбайұлы Instagram желісіндегі парақшасында.
Дінтанушы жақынынан айырылған қазақстандықтарға туыстарына "сіздерді түсінеміз, жаназаға келмей-ақ қойыңыздар" деп айтуын сұрады.
"Құрметті жаназа иелері, ағайын-туысқа айтыңыздар: "біз сіздерді түсінеміз, жаназаға келмей-ақ қойыңыздар. Мына індет біткеннен кейін, өлімге қатысты барлық рәсімді жасаймыз, сол кезде келесіздер" деп айтыңыздар. Құрметті ағайындар, аз ғана қазақ қырылып қалмасын десек, той-думанды, құдалық сияқты рәсімдерді тоқтатыңыздар. Жаназаға бармаңыздар", - деді ол.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Қайрат Жолдыбайұлы (@kairatzholdybaiuly) 18 Июл 2020 в 1:23 PDT
Еске салайық, қазір елімізде коронавирус жұқтырғандар және пневмониямен ауырып жатқандар саны көбейді. Сол себептен карантин шаралары күшейтілді, азаматтар қашықтық сақтап, санитарлық шараларды орындау керек.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также