20 июля 2020 12:52

"Жаңсақ хабар". Желіде Мұхтар Шаханов туралы фейк таралып жатыр

Мұхтар Шаханов. © Ярослав Радловский

Мұхтар Шахановтың қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған. Бұл туралы ақынның орынбасары Құдияр Біләл Facebok желісінде жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұхтар Шахановтың қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған. Бұл туралы ақынның орынбасары Құдияр Біләл Facebok желісінде жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"ҚҰЛАҚТАНДЫРУ!!! Кей ағайындар әлеуметтік желі бетінде: "Мұхтар Шаханов дүниеден озыпты" деп хабар таратуда. Басын ашып айтайық, жаңсақ хабар. Ағамыз дін аман. Қазір ғана сөйлестік. Сондықтан өтірік ақпарды таратуды тоқтатайық!", - деп жазды Құдияр Біләл.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, мұның алдында ақынның Алматыдағы ауруханада жатқаны хабарланған еді. Орынбасары оның өкпе қабынуы ауруына шалдығып, Алматы қаласындағы "Қалқаман" ауруханасында ем қабылдап жатқанын мәлімдеген болатын. Емдеу шаралары әлі күнге дейін оң нәтиже бермегенін айтқан ол Мемлекет басшысынан ақынның денсаулығына мемлекеттік тұрғыда назар аударуды сұраған.

"Қазақ халқы ерекше құрметтейтін Шахановтың ауруханада бір аптадан бері елеусіз ем қабылап жатуы, көпшілікке әртүрлі ой салып отыр. Оларда: "Мемлекет қазақ ұлтының мәртебесін, рухани құндылықтарын асқақтату тұрғысында бар өмірін сарп еткен Мұхтар Шаханов сияқты ұлттық тұлғалар денсаулығына неге назар аудармайды?" деген алаңдаушылық бар. Мұндай халық алаңдаушылығын өз мүдделеріне пайдаланғысы келіп жүрген күштер де аз емес. Соған орай Сізден Мұхтар Шахановтың денсаулығына мемлекеттік тұрғыда назар аударуыңызды сұраймыз", - делінген ашық хатта.

Мұхтар Шаханов 1942 жылдың 2 шілдесінде қазіргі Түркістан облысы, Төле би ауданы, Қасқасу селосында дүниеге келген. "Отырар дастаны", "Жігерлендіру", "Шың басындағы оқиға", "Эверестке шығу", "Ғашықтық ғаламаты" секілді өлеңдердің авторы. "Жұбайлар жыры", "Туған күн кешінде", "Гүл дәурен", "Мен саған ғашық едім" әндерін жазған. 2004-2007 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болған. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram