19 февраля 2020 10:37

Жапония жағалауында тұрған кемедегі төрт қазақстандық коронавирус жұқтырмаған - министр

© REUTERS

Жапония жағалауында тұрған Diamond Princess круиз лайнеріндегі төрт қазақстандық коронавирус жұқтырмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жапония жағалауында тұрған Diamond Princess круиз лайнеріндегі төрт қазақстандық коронавирус жұқтырмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 

"Diamond Princess лайнерінде 4 азаматымыз бар. Олар коронавирус жұқтырмаған. Оған лайнердегі өткізілген тест нәтижесі дәлел. Ал бүгіннен бастап лайнердегі барлық жолаушы карантиннен сыртқа шығарылады. Мұнда да жолаушылар қосымша тексерістен өтеді", - дейді сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәжіліс кулуарында.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, қазақстандықтар одан өтсе, олар жақын арада отанына қайтарылады.

Бұған дейін ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров круиз лайнерінде қалып қойған қазақстандықтар туралы мәлімет берген еді. Олар: екі әйел және 8 бен 12 жастағы екі бала.

Еске салайық, осыған дейін Жапонияда 3700 жолаушысы бар круиз лайнерінде бір адамнан коронавирус табылған соң карантин жарияланғаны хабарланған болатын. Diamond Princess кемесі 20 қаңтарда Йокогамадан шыққан, 3 ақпанда портқа оралған еді. Жапония билігі оның бортындағы қытайлықтан коронавирус табылғандықтан, 19 ақпанға дейін карантин жариялаған.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram