ПОДЕЛИТЬСЯ
04 ноября 2020 | 10:56
"Жарты миллиард теңге". Пандемия кезінде медицина саласында қай шенеуніктер ұсталды?
Әлемде коронавирус пандемиясы басталғалы сегіз айдың жүзі болды. Одан бері COVID-19-бен күреске қыруар қаражат бөлінді. Сол уақыт аралығында медицина саласында ұсталған шенеуніктер бар. Tengrinews.kz тілшісі пандемия кезінде пара алды деген күдікпен ұсталған шенеуніктерге шолу жасады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әлемде коронавирус пандемиясы басталғалы сегіз айдың жүзі болды. Одан бері COVID-19-бен күреске қыруар қаражат бөлінді. Сол уақыт аралығында медицина саласында ұсталған шенеуніктер бар. Tengrinews.kz тілшісі пандемия кезінде пара алды деген күдікпен ұсталған шенеуніктерге шолу жасады.
Олжас Әбішев
2 тамызда бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев ұсталды. Бұл мәліметті Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті Экономикалық тергеу қызметі растады. Әбішев ұсталарынан бір апта бұрын өз еркімен қызметінен кету туралы өтініш жазған.
3 тамызда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Олжас Әбішевке қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түрінде жазалау санкциясын шығарды.
Қаржы министрлігінің қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Элимановтың айтуынша, экс вице-министр 500 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінген.
Берік Шәріп
"СҚ-Фармация" ЖШС басқармасының төрағасы Берік Шәріп 14 тамызда екі айға қамалды.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төтенше жағдай кезінде медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу кезінде "СҚ-Фармация" ЖШС басқармасының бұрынғы төрағасы өкілеттігін теріс пайдалану дерегі бойынша ұсталып, Нұр-Сұлтан ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің баспасөз қызметі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің мәліметінше, тергеу 361-баптың 4-бөлігінің 3-тармақшасы ("Ауыр салдарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану") бойынша жүріп жатыр.
Қылмыстық кодекске сәйкес, бұл қылмыс жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыру туралы жазаны қарастырады.
Болатбек Каюпов
29 қазанда БАҚ беттерінде Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Каюповтың ұсталғаны туралы хабар тарады. Кейінірек сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Каюпов серіктесімен бірге 2020 жылғы 12-23 қазан аралығында компания директорынан атқарылған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қою және медициналық жабдықтарды (мониторларды) жеткізуге ЖШС-пен бұрын жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша жалпы сомасы 78 миллион теңге пара алды деген күдік барын хабарлаған еді.
Айта кетейік, Каюповқа қатысты тергеу басталды деген қауесет бұрынырақта тараған еді.
"Мой город" порталы 7 қыркүйекте бұл жағдайға қатысты ресми органға ресми сауал жолдаған. Онда ресми орган облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілмеген деп жауап берген еді.
Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі басшының ұсталуына қатысты ақпарат бермеген. Тек Болатбек Каюповтың орнында жоғын айтқан.
Болатбек Каюпов © lada.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті бұл ақпаратқа түсінік берген жоқ. Алайда олар кез келген ақпарат прокуратурамен келісілгеннен кейін берілетінін атап өтті.
Ал кеше, 2 қарашада Каюповтың екі айға қамауға алынғаны белгілі болды.
БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, "Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы" ММ басшысы мен оның көмекшісіне қатысты екі ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.
Елжан Біртанов
Кеше, 3 қарашада Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі Елжан Біртановқа қатысты қылмыстық істі тергеп жатқанын мәлімдеді.
"Сот Біртановқа қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасын санцияланды. Тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жарияланбайды", - делінген комитеттің хабарламасында.
Сонымен қатар, биыл 30 қазанда Жамбыл облысында коронавируспен күреске бөлінген бюджет қаржысын жымқырды деген шенеуніктер ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров айтты.
Облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу басталды. Олар коронавирус пандемиясымен күреске бөлінген медициналық бұйымдарды жоғары бағамен сатып алған. Мемлекетке 8 миллион 730 мың 560 теңге көлемінде шығын келген.
Агенттік өкілі нақты кімдер қамауға алынғанын айтпағанымен бүгінде бұл қылмыстық іске қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Сондай-ақ 20 шілдеде Қазақстанда 138 медицина қызметкері ұсталған заңсыз дәрі сатқаны үшін ұсталғаны белгілі болды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также