04 ноября 2019 | 12:33

Жастар мүмкіндіктерді пайдаланбайды - депутат

Гүлшара Әбдіқалықова. © Тұрар Қазанғапов

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлшара Әбдіқалықова Жастар жылында атқарылған шаралар туралы айтылған Үкімет сағатында жастардың мемлекет тарапынан беріліп жатқан мүмкіндікті пайдаланбайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлшара Әбдіқалықова Жастар жылында атқарылған шаралар туралы айтылған Үкімет сағатында жастардың мемлекет тарапынан беріліп жатқан мүмкіндікті пайдаланбайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жастардың проблемасын шешу мақсатында 2020-2021 жылы жастар саясатына бөлінетін қаржы 321,8 миллиард теңгеге өседі. Себебі жастар проблемасы шешілуі тиіс. Ол проблемалардың ішінде - жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру. Осылайша, келесі жылы оларды экономикалық қызметтің әр түріне тарта отырып, осы саладағы жастардың санын арттыру жоспарланған", - дейді депутат.

Реклама
Реклама

Бірақ, Әбдіқалықованың айтуынша, бұл проблемаларды шешу мақсатында түрлі шаралар жүзеге асырылып жатқанымен, жақсы көрсеткіш байқалмайды.

"Өкінішке қарай, жастарға еңбек нарығында ұсынылып жатқан шаралар аса нәтиже берген жоқ. Жастар мүмкіндіктерді пайдаланбайды. Қорытынды нәтиже жоқ деуге болады. Сондықтан алдағы уақытта Үкіметтегілер кешенді шаралар қабылдауы керек деп ойлаймын. Біздің ойымызша, Үкімет жұмыспен қамту, жастарға бизнес ашуға кредит беру бағдарламаларына тағы да талдау жасауы керек", - деді Әбдіқалықова Үкімет отырысында.

Депутаттың сөзінше, жастардың қызығушылығын арттыру мақсатында алдағы үш жыл ішінде жастардың өз бизнесін ашуына мүмкін болатын арнайы шаралар қабылдау қажет.

Еске салайық, мұның алдында Жастар жылында атқарылған шаралар туралы айтылған Үкімет отырысында ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қазақстандық жастардың басты үш проблемасын атаған еді. Министр бірінші кезекте жастар жұмыссыздығының деңгейін төмендетіп, онымен күресу керектігін айтқан болатын.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная