28 марта 2024 | 09:57

Жастар неге әскерге барғысы келмейді?

Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Сенат депутаты Ғалиасқар Сарыбаев әскерге барғысы келмейтін азаматтардың көбіне әке тәрбиесі жетіспегенін айтады. Оның айтуынша, қазір ата-ана балам тыныш жүрсе екен деген қағида ұстанып алған. Massaget.kz тілшісі депутатқа әскерде таралған бірқатар мәселе жөнінде сұрақтар қойды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сенат депутаты Ғалиасқар Сарыбаев әскерге барғысы келмейтін азаматтардың көбіне әке тәрбиесі жетіспегенін айтады. Оның айтуынша, қазір ата-ана балам тыныш жүрсе екен деген қағида ұстанып алған. Massaget.kz тілшісі депутатқа әскерде таралған бірқатар мәселе жөнінде сұрақтар қойды.

Сұхбаттың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

- Қазірігі жастар неге әскерге барғысы келмейді? Бұл мәселенің төркініне үңіліп көрдіңіз бе?

Реклама
Реклама

Қазіргі таңда әскери патриоттық тәрбиені кешенді түрде қолға алуымыз керек. Елімізде мұндай тәрбиені 8 мыңға жуық патриоттық клубтар беріп жатыр, онда 260 мыңнан астам бала оқиды. Дегенмен, әлі де мектепте, колледжде және жоғары білім ордасында жастардың патриоттық сана сезімін ояту бағытында жұмыс істеуіміз қажет.

Иә, әрбір ер балалар шоғырланған жерде кикілжің деген дүние болып тұрады. Бірақ соның ішінде әлімжеттікке жол беруге болмайды. Ол үшін заң мен тәртіпте бар, алайда өкінішке қарай, әскерге барған азамат бұл мәселемен бетпе-бет келетіні рас, дегенмен Отанды қорғайтын баланы тәрбиелеп жатқанымызды ұмытпауымыз керек. Оларға ертең ел үміт артады.

Жылына 500 мыңдай оқушы жоғары сыныпты бітіреді, соның ішінен 38 мыңға жуық жасөспірім әскер қатарына алынады. Бүгінгі таңда балалардың бәрін әйелдер тәрбиелейді, ал әкелер тарапы тәрбиеден алшақтап қалған. Мұның бәрі өз әсерін беріп жатыр. Бұрын әке балаға өзінің ісі мен мінезі арқылы үлгі болатын. Яғни әке сырттың да, үйдің де жұмысына тыңғылықты атқарды. Мұны көріп өскен бала да әкесінен үлгі алатын. Қазіргі кезде ата-ананың көбі компьютер мен смартфонға тәуелді болып қалған. Әке-шешенің өз баласымен жұмыс істеуі, сөйлесуі күрт азайып кетті. Бала бүкіл ақпаратты ұялы телефоннан алады, оның ішінде түрлі халқымызға таңсық емес мәдениеттер мен құндылықтарды көріп өседі. Соңғы уақытта ата-анада "Балам тыныш жүрсе болды" деген ой қалыптасты. Енді сол жіберіп алған олқылықтың орнын толтыруымыз қажет. Екінші жағынан, елімізде ажырасқан азамат көп. Баланың көбі ананың қолында қалып жатыр. Ер баланы кішкене кезінен еңбекке, сабырлыққа және байсалдыққа шақыратын азамат міндетті түрде керек. Әскердегі жігіт түсінуі керек ол Отанын қорғу үшін барды және жауына кез келген уақытта қатал болуға тиіс.

- Әскерде ақша жинау, сарбаздың атынан несие алу туралы естіп жатамыз. Мұндай жағдайда азамат не істеуі керек? Қайда жүгіне алады?

Ата-анасы баласының неге жиі ақша сұрауына күдікпен қарауы керек. Әскерде тамақ пен жатар жері тегін ғой. Әскерге қанша қысым көрсетіліп тұрса да оған жақындарымен сөйлесуге уақыт беріледі. Бұрын әскери бөлімдерді аралаған кезде тамақ жағынан шағым жасалатын еді, қазір ондай мәселе азайып отыр. Жалпы, әскерелердің әлеуметтік жағдайын көтеру жұмыстары кезең-кезеңмен іске асып жатыр. Демек, баланың ата-анасы мұндай жағдайдан күдіктенсе сол бөлімшеге баруы керек. Иә, бес саусақ бірдей емесе, әскерде алаяқта, ұрлықшы да болуы мүмкін. Әрбір әскери бөлімде ата-аналар комитеті жұмыс істейді. Борышын өтеген азамат сол комитетке жүгінуге болады. Яғни бұл мәселеде туған-туысқандары дабыл қағу керек.

- Былтыр әскерде жүрген сарбаздардың несиесі уақытша тоқтатылды. Бұл еліміздің бүкіл банкіне байланысты ма? Банктің өз ережесі бар дегендей...

Сенат бұл мәселе бойынша заң қабылдады. Кез келген мемлекеттегі субъект сол заңнаманы орындауға міндетті. Бұл заңды Қазақстанда жұмыс істеп жатқан кез келген банк орындауға тиісті. Жасөспірімдер әскерге бір жылға шақырылған кезде олардың кредиті автоматты түрде тоқтатылады. Оның пайызы мен мерзіміне қатысты ешқандай өсім болмайды. Азамат Отан алдындағы борышын өтеп келген соң барып төлеуді жалғастырады. Былтыр 5 мыңнан астам әскерилердің 1,4 млрд теңге кредиттік төлемі кейінге қалдырылды. Бүгінгі таңда мерзімді әскери қызметшілерге кредиттік демалыс ұсыну шаралары осылайша іске асады. Дегенмен әскерге баратын азаматтар оған дейін де тексерістен өтетінін ұмытпауымыз керек.

Бүгінгі таңда сыртқы және ішкі қауіпсіздікті бір мемлекет өзі ғана қамтасасыз ететін заман емес. Сол себепті Қазақстан шет мемлекеттерге Орта Азиядағы бейбіт диалогты бере алатын алаң ұсынып отыр. Біз БҰҰ-ның бітімгерлік бойынша атқарылып жатқан жобаларына мүшеміз, сол себепті бітімгерлік саясатты әрмен қарай жалғастыруымыз керек. Әрине, әскери дайындық әркез болы керек, әртүрлі қауіп-қатерлерге дайын болған жөн. Мәселен, жақында болған Ресейдегі террорлық актіні алайық, онда жақсы дайындықтағы күштік құрылымдардың көмегі тез арада қажет болды. Сондықтан біздегі ҰҚК, ІІМ, ТЖМ және жергілікті атқарушы органдар бір-бірімен байланысты жоғалтпай тұтас жұмыс істеуі керек. Жалпы, Қазақстанның қарулы күштері әртүрлі жағдайға дайын болуы керек.

Сұхбаттың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная