Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
13 ноября 2019 12:52

"Жаз ыстық болса, қыс қатты болады". Мамандар ұғымның рас-өтірігін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Халық арасында "жаз ыстық болса, қыс қатты болады" деген ұғым қалыптасқан. Тengrinews.kz тілшісі бұл ұғымның қаншалықты рас екенін "Қазгидромет" РМК-ның ұзақ мерзімге болжау басқармасының басшысы Жұлдыз Исабековадан сұрады.


Халық арасында "жаз ыстық болса, қыс қатты болады" деген ұғым қалыптасқан. Тengrinews.kz тілшісі бұл ұғымның қаншалықты рас екенін "Қазгидромет" РМК-ның ұзақ мерзімге болжау басқармасының басшысы Жұлдыз Исабековадан сұрады.

Маманның айтуынша, "жаз ыстық болса, қыс қатты болады" деген ұғымға сенуге негіз жоқ.

"Негізі мұндай заңдылық жоқ. Мысалы, 2019 жылдың жазын алсақ: маусым суық, шілде ыстық, ал тамыз әр өңірде әртүрлі болды. Ал келе жатқан қыс болжам бойынша, жылы әрі жауын-шашынды болады. Яғни, жаз ыстық болса, қыс суық болады деген ұғым дұрыс емес", - дейді ол.

Маман бұл ұғымның жалған екенін көрсету үшін мысал да келтірді.

"2012 жылды мысал ретінде алсақ, сол кезде жаз айлары ыстық болғанымен, қыстың бір айы ғана суық болды. Қалған екі айы жылы ауа райында өткен. Бірақ кейде халық сол суық болған бір айды ғана есте сақтап қалады. Ол ұғымды рас деп айту үшін, жылдың жаздағы үш айы да жылы, қыстағы үш айы да суық болуы керек", - дейді маман.


© Тұрар Қазанғапов 

Исабекова қыс айларына қалай болжам жасалатынын түсіндірді.

"Желтоқсан айына болжам жасау үшін қыркүйек пен шілдедегі синоптикалық мәліметтерді, қаңтар айына болжам жасау үшін қазан мен тамыздағы мәліметтерді қарастыру керек. Синоптикалық-статистикалық әдістерді қолданып, Еуропа климат орталығының динамикалық модельдеріне сүйене отырып болжам жасаймыз", - дейді ол.

Маман биыл қыстың алғашқы айында қандай ауа райы болатынын айтты.

"2019-2020 жылдың қысы айтарлықтай суық болмайды. Көбіне жауын-шашынды болады деп күтіледі. Желтоқсанда бірінші онкүндіктің соңында және үшінші онкүндіктің басында ең төменгі температура тіркеледі. Сонымен қатар, елдің оңтүстік және оңтүстік-батыс бөлігінде ауа температурасы түнде 15-20 градусқа төмендейді. Ал солтүстік, орталық және шығыста 25-35 градус аяз түсуі мүмкін. Көп уақытта күн жылы болады. Ауа температурасы солтүстікте 0-8 градус аяз болса, оңтүстік, батыс өңірлерде 0-8 градус жылы болады", - деп болжамын бөлісті маман.

Ол қаңтар айына нақты болжам 15 желтоқсанда жасалатынын айтты.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети