Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
02 февраля 2019 12:58

Желіде Гауһар Әлімбекованың абақтыдан жазған деген хаты тарады

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Гауһар Әлімбекова Гауһар Әлімбекова

 Желіде Гауһар Әлімбекованың абақтыдан жазған деген хаты тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


 Желіде Гауһар Әлімбекованың абақтыдан жазған деген хаты тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әншінің атынан таралған хатта ол ешбір дәлелсіз сотталғанын мәлімдейді.

"Қалайсыңдар? Менде бәрі тамаша!!! Қайран Қазағым-ай, не боп кетті, түсінбей қалдым. Ешбір дәлел болмаса да, ең бастысы-ақшаны алған адам толық мойындап тұрса да, қалай бәрі астан-кестен боп кетті, мең-зең боп, жүрегім бір сәтте тоқтап қалғандай болды", - делінген хатта.

Сондай-ақ, әнші арыз берген Бақыт Назароваға еш өкпесі жоқ екенін айтады. 

"Алаяқтық деген де-үлкен бір Өнер ғой, менің қолымнан ән шығарып, сол әнді жеткізгеннен басқа қолымнан ешнәрсе келмейді ғой, қайтем, маңдайға жазылғанды көріп жатырмын. Мүмкін Бақыт тәте мені темір торға отырғыздым деп, мәз боп бақытты боп жүрген шығар, мен оған жамандық тілемейм, Алла разылығы үшін кешірдім. Алланың осы бір сынақты бергеніне шүкір. Ең маңыздысы - бұл шіркіндердің тұмшаланған темір тордың ішінде бас бостандығымнан айырғанымен, менің Аллаға деген сенімім мен халықтың маған деген-ыстық ықыласы мен менің халыққа деген үлкен махаббатымды тартып ала алмайды, себебі шығарып алған қолыма гипс салдыруға емханаға апарғанда, сол жердегі қыз-келіншектер мені танып қойып, құшақтап жылап, сабырлы бол-дегенде, түк түсінбей, бұлар қайдан біледі?-деп тұрып қалдым. Сөйтсем бәрі Instagram желісінен хабардар екен. Көзімнің жасы мөлт-мөлт етіп, "Бір тамшы көздің жасындай" болды. Қысқасы, мейлі, уайымдамаңыздар, бәрі жақсы, Алла нәсіп етсе-амандықпен кездесерміз!!!", - делінген хатта. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

ШҰҒЫЛ! Қалайсыңдар? Менде бәрі тамаша!!! Қайран Қазағым-ай, не боп кетті, түсінбей қалдым. Ешбір дәлел болмаса да, ең бастысы-ақшаны алған адам толық мойындап тұрса да, қалай бәрі астан-кестен боп кетті, мең-зең боп, жүрегім бір сәтте тоқтап қалғандай болды... Алаяқтық деген де-үлкен бір Өнер ғой, менің қолымнан ән шығарып, сол әнді жеткізгеннен басқа қолымнан ешнәрсе келмейді ғой, қайтем, маңдайға жазылғанды көріп жатырмын. Мүмкін Бақыт тәте мені темір торға отырғыздым деп, мәз боп бақытты боп жүрген шығар, мен оған жамандық тілемейм, Алла разылығы үшін кешірдім. Алланың осы бір сынақты бергеніне шүкір. Ең маңыздысы-бұл шіркіндердің тұмшаланған темір тордың ішінде бас бостандығымнан айырғанмен, менің Аллаға деген сенімім мен халықтың маған деген-ыстық ықыласы мен менің халыққа деген үлкен махаббатымды тартып ала алмайды, себебі шығарып алған қолыма гипс салдыруға емханаға апарғанда, сол жердегі қыз-келіншектер мені танып қойып, құшақтап жылап, сабырлы бол-дегенде, түк түсінбей, бұлар қайдан біледі?-деп тұрып қалдым. Сөйтсем бәрі инстаграм желісінен хабардар екен. Көзімнің жасы мөлт-мөлт етіп, "Бір тамшы көздің жасындай" болды. Қысқасы, мейлі, уайымдамаңыздар, бәрі жақсы, Алла нәсіп етсе-амандықпен кездесерміз!!! Айтқандай, кеше абыр-сабырмен ұмытып кетіппін, түнде осында келіп тар бөлмеге, тас төсекке кеп жатқанда көзім темір тормен қоршалған терезеге түсіп жатып-осы күні анам-марқұмның Жер-бесікке бөленген күні екені есіме түсіп, көз жасыма ерік бердім. Бір мезетте апамның алақаны мөлт-мөлт етіп аққан көз жасымды тоқтатып, маңдайымнан, шашымнан сипап, "Жасаған бере салғаным, сабырлы бол"-деп жұбатқандай болды. Әруағыңнан айналайын Ғазиз-Анам, Асқар Тау-Әкем, жатқан жерлерің жайлы, жандарың-жәннатта болсын!!! Сүйікті қыздарыңыз: Гауһар Әлімбекова, 2 ақпан 2019 жыл ... деп жазыпты???????????? #sosгауһарәлімбекова Ps: Қазақтың дара әншісі Мақпал Жүнісованың үндеуін көріп, қатты ырза болдым. Әншілердің орны - саxна!

Публикация от Бибігүл ДƏУЛЕТБЕКҚЫЗЫ (@bibiguldauletbek)

"Айтқандай, кеше абыр-сабырмен ұмытып кетіппін, түнде осында келіп тар бөлмеге, тас төсекке кеп жатқанда көзім темір тормен қоршалған терезеге түсіп жатып-осы күні анам-марқұмның Жер-бесікке бөленген күні екені есіме түсіп, көз жасыма ерік бердім. Бір мезетте апамның алақаны мөлт-мөлт етіп аққан көз жасымды тоқтатып, маңдайымнан, шашымнан сипап, "Жасаған бере салғаным, сабырлы бол"-деп жұбатқандай болды. Әруағыңнан айналайын Ғазиз-Анам, Асқар Тау-Әкем, жатқан жерлерің жайлы, жандарың-жәннатта болсын!!! Сүйікті қыздарыңыз: Гауһар Әлімбекова, 2 ақпан 2019 жыл", - делінген Желіде таралып жатқан хатта.

Айтпақшы, Желіде бір топ әнші Гауһар Әлімбекованы қорғау мақсатында арнайы шот ашып, ақша жинауды бастап кетті.

Еске салайық, елімізге танымал әндердің авторы, әнші Гауһар Әлімбекова 30 қаңтарда алаяқтық үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Кейін әншінің адвокаты істің мән-жайын айтып берген. Артынша өнер жұлдыздары оған араша сұрап, мәлімдеме жасаған еді.

Желіде Гауһар Әлімбекованың үндеуі таралып жатыр

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети