Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
20 мая 2019 14:47

Желідегі күмәнді мәліметті тарату алдында не білу керек - Фейкті анықтау жолдары

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz иллюстрациясы © Tengrinews.kz иллюстрациясы

Whatsapp, Facebook, "ВКонтакте". Қай әлеуметтік желі мен мессенджер болса да, фейк ақпараттар талайды шатастырып, қоғамды дүрліктіреді. Оның кесірінен білместіктен заңды бұзып, қылмысы үшін жауап бергендер де көп. Желіде желдей есіп жүрген қауесет ақпараттың қақпанына түспеу үшін, онымен өзгені де бөтен жолға итермелемеу үшін не білу керек, ақпаратты қалай тексеру керек? Бұл сұрақтың жауабын Tengrinews.kz тілшісі мамандардан сұрап-білді.


Whatsapp, Facebook, "ВКонтакте". Қай әлеуметтік желі мен мессенджер болса да, фейк ақпараттар талайды шатастырып, қоғамды дүрліктіреді. Оның кесірінен білместіктен заңды бұзып, қылмысы үшін жауап бергендер де көп. Желіде желдей есіп жүрген қауесет ақпараттың қақпанына түспеу үшін, онымен өзгені де бөтен жолға итермелемеу үшін не білу керек, ақпаратты қалай тексеру керек? Бұл сұрақтың жауабын Tengrinews.kz тілшісі мамандардан сұрап-білді.

Factcheck.kz ресурсының алғашқы редакторы болған Жұлдыз Әбділда ең алдымен Whatsapp-тан келген хабарламаны келесі адамға, топтарға таратуға асықпау керек дейді. Оның сөзінше, егер хабарламада нақты күні, жылы, айы сияқты деректер, адамның аты-жөні, басқа да тексеруге мүмкіндік бар жағдайда ғана ойлануға болады.

Жұлдыз Әбділда 

журналист

                        

"Ал ондай ештеңесі жоқ хабарлама "қырқыншы жылғы" болуы мүмкін. Телефон нөміріне қарау керек. Егер қазақстандық нөмір болса, ерінбей бір рет телефон соғып көрген дұрыс. Ал басқа елдің нөмірі болса, мұның бізге түк қатысы жоқ болғандықтан, бірден өшіріп тастай салған жөн", - деп кеңес берді ол.

"Былтыр, естеріңізде болса, "бір қыз жоғалып кетіпті, сөйтсе екі бүйрегін алып қойыпты" деген хабарлама тарады. Мұндай жағдай болса, ол міндетті түрде полицияның дерегінде болады. Әркім өз қаласының, облысының ішкі істер департаментінің сайтынан, ресми жаңалықтарынан қарағаны дұрыс. Бізде фейк ақпараттың тарауына ең бірінші кезекте сауатсыздық себеп болып отыр деп ойлаймын. Бұған сыни ойлаудың жоқтығын қосыңыз", - дейді  Жұлдыз Әбділда әсіресе қайырымдылыққа, көмек сұрауға қатысты жазбалар екі есе мұқият тексерілуі керек екенін атады.

Сонымен қатар, журналист фейк ақпаратты тексерген оқиғасын баяндады.

"Былтыр журналистердің тобында бір қыз балаға көмек керек екені айтылды. Сөзбе-сөз есімде қалмапты, шамамен ұзын-ырғасы мынадай: Әкесі де, шешесі де жоқ бір қыз бар екен, жалғыз әжесі болған, ол да қайтыс болған. Ешкімі жоқ. Астанада сол қызды көлік қағып кетіпті. Қаққан көлік қашып кеткен, әлі табылмай жатыр екен. Аяғына операция жасаған екен, сәтсіз болыпты. Соған екінші операцияға 80 мың теңге керек, шұғыл жинап, көмектесіп жіберсек... Әлбетте, бәріміз "ойбу, обал болған екен" дестік", - дейді ол.

Осыдан кейін, оның айтуынша, хабарламадағы қыздың суретін жіберген, ондағы гипсте жатқан бір аяқ пен бас жағы ғана гипстелген екінші аяқтың суреті қоса келген. Осы кезде журналист екі аяқтың екі адамға тиесілі екенін байқап, күмәндана бастапты.

"Қарапайым адамдар қайырымды келеді ғой, бірден ақша аударатындар да табыла қалып, картасының нөмірін сұрады. Қарасам, ЖСН 61-ден басталады екен, яғни 1961 жылы туған адамдікі деген сөз. Ал қыз жап-жас. "Мына қыз жап-жас қой" деп едім, карта әпкесінікі екенін айтты. Жаңа ғана ешкімі жоқ, тақыр жетім қыздың әпкесі пайда болды. Сосын... Құдай бір адамның басына осынша нәубетті үйіп-төгіп бере қоймайтынына күмән келтіргеннің өзінде, бұл жерде назар аударатын басқа да мәселе жетерлік. Біріншіден, қазіргі заманда, ел астанасында біреуді қағып кетіп, ешкімнің көзіне түспей кетіп қалу, сосын табылмай жату мүмкін емес. Көшенің бәрі камера, екі көліктің бірінде видеотіркегіш бар", - дейді Жұлдыз Әбділда.

Ал екінші күдігі жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендерге медициналық көмектің тегін көрсетілетінінде болыпты.

"Үшіншіден, әлгі қыздың жатқан төсегі де күмән тудырды. Біздің елде реанимацияларда ондай төсектер бар деп ойламаппын. Сосын суретін жақындатып қарасам, бірі оң аяқ, екіншісі сол аяқ екен. "Екі аяғы да сынған" деді. Бір аяқ ақшыл, екіншісі қаралау екен. Оны жарықтан десті. Сосын суретті жақындатып қарасам, бір аяқтың тырнақтары сопақша, екіншісінікі төртбұрыштау екен. Енді бір адамның екі аяғының тырнағы екі түрлі болмайтын шығар. Сосын ерінбей суретті сақтап алып, Google-ға салып жіберсем, біреуі Одессада батуттан құлаған баланың аяғы, екіншісі Ресейдің бір қаласында көлік қағып кеткен қыздың аяғы екен. Ал сол аралықта бір-екі адам ақша жіберіп үлгерді. Кейде жай ғана күмәнмен қарау жетпей жатады", - дейді журналист.

Жұлдыз Әбілда зағип егіз балаға отаға ақша жинаушылардың алаяқтығын қалай әшкерелегенін де еске түсірді.

"Тағы бірде екі көздері де көрмейтін егіз балаларға Санкт-Петербургте операция жасату үшін шұғыл 2 миллион теңге жинау "операциясы" болды. Әкесі жұмыссыз, шешесі белінен тұра алмайды деген соң, екі есе аяушылықпен қарап, жұрт ақша жинастыра бастады. Әлгі балалардың диагнозын гуглға салып кеп жіберсем, "неразвитие сетчатки глаз" деген диагноз екен. Өзімізде де жасалатын операция. Бірақ, ата-анасы өзіміздің дәрігерлерге сенбейді екен. Сосын Петербургтегі клиникаларды іздедім. Әлгі екі балаға екі көзіне қоса жасатқанда, анализімен, реабилитациясымен қосқанда, максимум есептегенде 500 мыңға жетпейтін ақша кетеді екен", - дейді ол.

Оның пікірінше, балаға ақша жинаушылардың ішінде есеп беріп отыратындары сенімдірек.

"Құдай ешкімнің баласын ауыртпасын, бала ауырды дегенде бәріміз де шыдап тұра алмаймыз. Көмектескіміз келіп тұрады. Соны білетін кейбіреулер манипуляция жасауды жақсы меңгеріп алған. Әрдайым тексеру керек. Ең болмаса, гугл арқылы. Баланың еміне ақша жинайтындар қазір өте көп. Олардың ішінде нақты есеп беріп отыратындары сенімдірек. Ал енді "қайырымдылық деп бердің, қайда жұмсаса да өзі білсін" десек, бұл алаяқтыққа жол ашады. Есеп сұрау біреудің ақшасын санау емес, алаяқтықтың алдын алу екенін түсіну керек", - дейді ол.

Фейктің жиі кездесетін белгілері

Ал Factcheck.kz сайтының қазақ тілді нұсқасының бас редакторы Думан Смақов жалған ақпараттың негізгі белгілерін келтірді.

         

Думан Смақов
Factcheck.kz сайтының қазақ тілді нұсқасының бас редакторы

  • Көбіне осы хабарламаны ары қарай немесе бәленше адамға таратыңыз деп басталады яки аяқталады.
  • Көбіне өзге тілдерден аударылады және аударма сапасы төмен болады. Бұл әсіресе зомби-фейктерде жиі кездеседі.
  • Әлеуметтік желілер арқылы таралған хабарламаларда сурет сапасы нашар немесе суреттер бір-біріне ұқсамауы мүмкін. Мұндайда осыған ұқсас суреттерді интернеттен іздеп көру керек.
  • Жалған ақпарат көп жағдайда адамдардың эмоциясына әсер ету үшін жасалады және соның нәтижесінде ары қарай таратылады. Көбіне, "ойбай", "сүйтіп қапты", "масқара", "қауіпті аурур таралуда", "сақтансаң сақтайды", "өзіңіз жақсы көретін адамдарды ескертіңіз" деген сияқты сөздер мен сөз тіркестері жиі кездеседі.
  • Нақ осы шақта болып жатқан оқиғалар мен жағдайлар туралы ақпарат көбіне ТЖ кезінде тарайды және бұл халық арасында мемлекетке немесе әлдебір жекеле институтқа сенімсіздік ұялатады және дүрдараздық пен қорқыныш үрейін тудырады.
  • Таралған ақпарат көп жағдайда болжам түрінде болады. "Осылай жасайын деп жатыр екен", "Мынадай болса қайтпексіз" деген секілді сөз тіркестері жиі кездеседі.
  • Әлеуметтік желілерде таралған жалған ақпарат көбіне отбасылық, жұмыстағы, достар арасындағы чаттарда жиі таралады.

Жалған ақапаратқа алданып қалмау үшін не істеу керек?

  • Біріншіден, келген хабарлама қаншалықты сенімді, оны таратсам басқаларды алдамаймын ба, мынау жалған ақпарат болуы мүмкін бе деген сияқты қарапайым сұрақтарға жауап іздеу керек.
  • Хатты жіберген адамның телефон нөмірін қараңыз және осы нөмірден қаншалықты жиі фейк тарағанын да ескеріңіз.
  • Келген хабарлама суретін немесе мәтінін Google, Яндекс секілді іздеу жүйелерінен қарап көріңіз.
  • Егер мәтін табылмаса Google аудармашы арқылы ағылшын немесе орыс тіліне аударып тағы да іздеп көріңіз.
  • Ресми сенім телефондарына хабарласып көріңіз, бәлкім сізге келген ақпарат туралы деректерді сол жерден табарсыз.
  • Осы хабарламалар жайлы ресми органдар не жазды, қандай ақпарат таратты дегенді де естен шығармау керек. Республикалық деңгейде хабар таратын медианы да бір қарап шыққан жөн.

Қазнетте ең көп таралған фейк жаңалықтар

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети