ПОДЕЛИТЬСЯ
22 ноября 2023 | 09:21
Желге шыдамады: Ақмола облысында салынғанына үш ай өтпеген электр бағандары құлап қалды
Қыс басталмай жатып Ақмола облысында болған алғашқы қарлы боран шалажансар істелген жұмыстардың артын ашып тастады. Мәселен Жақсы ауданына қарасты Жаңа Қима ауылдық округында қандай дауыл болса да міз бақпауға тиіс электр бағандарының бірнешеуі құлап, көбісі қисайып қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Дауыл электр бағандарын түп орнымен сұлатып сымдарын үзіп кеткен. Тіпті бағандардың бірі жол жүріп келе жатқан ауыл тұрғындарының бірінің көлігінің үстіне түсе жаздаған. Жарық бағандарының құлауы салдарынан жаңа қималық жұрт бірнеше тәуліктен бері жарықсыз қалған. Тұрғындар осыған дейін жергілікті әкімдікке мердігердің істі шала істеп жатқанын ескерткенін бірақ еш шара қабылданбағанын ашына жеткізді.
"Өткенде ғана салып кеткен электр бағандары міне құлап жатыр. Осыдан үш ай бұрын ғана орнатылған. Міне, өтіп бара жатқанда құлады. Машинаны сындыра жаздады. Мынаның субмердігерлері қайда? Мына жерде сым үзіліп жатыр. Енді кімге жалынатымызды білмейміз. Міне бір сағат болды дабыл қағып жатырмыз. Анаған-мынаған телефон шалып жатырмыз. Міне қараңыз! Жерде сымдар жатыр. Қазір бір адамдар өтсе адамдар тоққа соғылады ғой. Мынаның бәрін көтеру керек. Мынау не болдық өзі?! Мына бағандардың бәрі өтірік шалағайлықпен салынған. Жай тастарды балшыққа тыға салған. Ол балшық босап бағандар құлады. Әкім де, учаскелік инспекторлар да болмады. Мұнда лента тағып қою керек қой. Әлден құлап жатыр ертең қатты боран болғанда не болмақ", - дейді ауыл тұрғыны Рамазан Сейтжапаров.
Аудан әкімдігі барлығы жұмыстың дұрыс жасалғанынын айтып бәріне қатты дауылдың "кінәлі" болғанын жеткізді.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также