24 ноября 2023 | 12:36

Жертөлелер суға толды: Щучинскіде көшелер "мұз айдынына" айналып жатыр

Фото: Massaget.kz / Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Бурабай ауданының орталығы Щучинскіде көшелер мен үйлердің жертөлелері кемерінен аса суға толып кетті. Тұрғындар кәріз жүйесі қосылмаса, тұтас қала бойын су басатынын айтып алаңдап отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бурабай ауданының орталығы Щучинскіде көшелер мен үйлердің жертөлелері кемерінен аса суға толып кетті. Тұрғындар кәріз жүйесі қосылмаса, тұтас қала бойын су басатынын айтып алаңдап отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Су қаланың бірнеше көшесі мен үйінің айналасын түгелдей толтырып, мұнымен қоса, жер үйлердің жертөлелері тұтастай суға кеткен. Көше бойы тұтастай жайылған су үйлердің іргелерін кіріп астына өткен.

Реклама
Реклама

Геологическая, Бектеміров, Сейфуллин, Рабочий, Елемесов, Степной, Пролетарская, Октябрьская, Снежная, Комсомольская көшелерін су басып, адамдар мен қоса көліктердің жүріп-тұруы қиындай түскен. Тұрғындардың айтуынша, жол үстіндегі ірі-ірі шұңқырлар қала ішінде кәріз жүйесі мен су құбырларын орнатқан кезде пайда болған. Суға толған шұңқырлардан көліктер түгілі жаяу адамдар да өте алмай қалған. Жол үстіндегі шұңқырлардың үлкендігі сонша қазір су толып қалған шұңқырлардан жеңіл автокөліктер тіпті жүк көліктерінің дөңгелектері түгелдей түсіп, батып қалатын болған.

Тұрғындардың басым бөлігі көшелердің суға кетуінің басты себебін үш жыл бұрын салынған кәріз жүйесін құрылысы осыдан екі жыл бұрын басталған 5 қабатты үш тұрғын үйді салу кезінде қиратып кетуімен байланыстырады.

"Бізге кәріз жүйесі осыдан үш жыл бұрын салынған. Ал бесқабатты үш тұрғын үйлердің құрылысы осыдан екі жыл бұрын басталды. Қазір бірінің құрылысы аяқталған. Қалған екеуінің құрылысы әлі де жүріп жатыр. Тұрғын үй құрылысын қазған кезде олар қалай болса солай салынған кәріз жүйесін бұзған. Құбырлар толықтай балшық пен құмға толып қалған. Бұған дейін бізде кәріз жүйесінің барлық тетігі дұрыс болған. Енді осы көтерілген бірнеше көшелерді суға толтырып, бірнеше көшелердің жертөлелері суға толып тұр. Күн суығандықтан жайылған су айнадай жалтыраған мұзға айналды. Ал бұл жерден күн сайын көп оқушы, көлік өтеді. Жаңадан салынып болған 5 қабатты жаңа үйдің де жертөлесі суға толып кеткен. Іргетасы қозғалып кеткенге ұқсайды. Бұл су сонда салынған су құбырларынан ағып жатқан болуға тиіс деп топшылап отырмыз", - дейді Елена Трушина есімді Щучинск қаласының тұрғыны.

Тұрғындар кәріз жүйесін қолданыстағы жүйеге қоспайынша, судың тұтас қала бойынша жайыла беретінін жеткізді. Бірақ жергілікті аудан әкімдігіне қарасты құзырлы органдар жайылған судың жер асты сулары екеніне нық сенімді.

"Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі судан сынама алып талдау жүргізді. Су - жер асты немесе бұлақ суы. Өйткені алынған судың құрамында мүлде хлор жоқ. Сонымен қатар, мұнда ертеден тұратын қала тұрғындарының айтуынша, жер асты суы сыртқа бұл ауданда жыл сайын жер бетіне шығып жатады. Қазір қалалық коммуналдық шаруашылыққа асфальт жабыны мен су ағар арықтарды тазартуға тапсырма берілді", - деді Бурабай ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі өкілдері.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная