18 июля 2019 23:40

Жеті сағат өртенген қоймада не сақталған - Басты жаңалықтар

18 шілдеде Алматыда өрт шығып, оны сөндіруге жеті сағат кетті. Жетісу ауданын қара түтінге ораған өрттің нақты неден шыққаны әзірше белгісіз. Тengrinews.kz тілшісі күннің басты жаңалықтарына шолу жасады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

18 шілдеде Алматыда өрт шығып, оны сөндіруге жеті сағат кетті. Жетісу ауданын қара түтінге ораған өрттің нақты неден шыққаны әзірше белгісіз. Тengrinews.kz тілшісі күннің басты жаңалықтарына шолу жасады.

Жұмыс күні өртпен басталды

Реклама
Реклама

Алматылықтар үшін бейсенбі алапат өртпен басталды. Таңғы 7:45 шамасында Алматыдағы Жетісу ауданында орналасқан қоймадан өрт шықты.

"2019 жылдың 18 шілдесінде сағат 07:45-те Алматы қалалық ТЖД-дің "101" пультіне Жетісу ауданы, Омаров көшесі, 12в/1 мекенжайындағы қойма өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Өртсөндірушілер қазір оқиға орнында. Өртті алауыздықтауға өрт сөндіру қызметінің 15 техникасы мен жеке құрамның 43 адамы жұмылдырылды", - деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, өртті сөндіруге тікұшақ та жұмылдырылған. Алдын ала мәлімет бойынша, қоймада 200 тонна лак және бояу шығару бұйымдары болған. Бірақ өрттің нақты неден шыққаны туралы ақпарат жоқ.

Қоймадан шыққан өртті алауыздықтауға 7 сағат уақыт кетті.

Жыл басынан бері 22 шенеунік қатаң сөгіс алды

Қазақстанда 2019 жылдың алғашқы 6 айында 142 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жазаға тартылды.

Оның ішінде 23 мемлекеттік қызметкер жұмысынан босатылып, 2 - қызметінен төмендетіліп, 46 - қызметтік тәртіпке сәйкессіздік туралы ескерту, 22 - қатаң сөгіс, 23 - сөгіс және 26 мемлекеттік қызметкер ескерту түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Салыстырмалы түрде атап өтсек, 2018 жылы тәртіптік жауапкершілікке 361 мемлекеттік қызметкер тартылған болатын.

Енді жемқорларды бір видеодан көруге болады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі медицина саласында істеген шенеуніктерді ұстау кезінде түсірілген видеоларды жариялады.

Антикоррупциялық қызмет таратқан видеода сотталған шенеуніктердің тегі мен суреттері жарияланған, сондай-ақ оларды ұстау кезінде түсірілген видеолардың үзіндісін көруге болады.

2016-2019 жылдары аралығында денсаулық сақтау саласында 443 сыбайлас жемқорлық дерегі анықталды. 191 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қылмыстар көбіне Түркістан, Қызылорда, Павлодар және БҚО-да тіркелген.

Судья алаяқтық үшін сотталды

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті Ақтөбе облыстық сотының бұрынғы судьясы Ж. Төленовке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Агенттіктің ақпараты бойынша, Төленов алдау және сенімге қиянат жасау жолымен мемлекеттік кәсіпорын басшысының 2,8 миллион теңге сомасында оның құзыретіне кірмейтін авариялық құтқару қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстың қорытындысын жою туралы шешім қабылдағаны үшін ақша алған.

Қалалық сот үкімімен Ақтөбе Ж. Төленов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

Тікұшақпен тойханаға қонған ұшқыш жұмысынан босатылды

Азаматтық авиация комитеті мейрамхана алдына жас жұбайларды тікұшақпен алып келген ұшқышты жұмыстан босатты.

Бұған дейін мейрамханаға тікұшақпен ұшып келген шаңырақ құрушылардың видеосы Instagram әлеуметтік желісіндегі @kris.p.almaty парақшасында пайда болған. Бейнероликте тікұшақпен түсіп келе жатқан жас жұбайларды той қонақтары күтіп тұрған кадрлар бейнеленген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Гелены шмелены не в моде????

Публикация от Алматы | Almaty ???????????????? (@kris.p.almaty) 14 Июл 2019 в 10:37 PDT

Азаматтық авиация комитетінің ақпараты бойынша, Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу ережесінің 423-тармағының ережелері сақталмағаны үшін ұшқышты қызметтен қуған.

Жүкембаев 41 жеңісі бар боксшымен жұдырықтасады

Кәсіпқой бокста бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық Батыр Жүкембаев (16-0, 13 КО) келесі жекпе-жегін 26 қыркүйекте Канаданың Монреаль қаласында өткізеді.

BoxRec мәліметінше, қазақстандық 28 жастағы боксшы мексикалық 32 жастағы Мигель Васкеспен (41-8, 15 КО) жұдырықтасады. Ол 2010-2014 аралығында жеңіл салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы болған. Он раундқа жоспарланған жекпе-жек бірінші орта салмақта өтеді.

Айта кетейік, 26 қыркүйекте өтетін бокс кешінде тағы үш қазақстандық спортшы өнер көрсетеді: Садриддин Ахмедов (9-0, 8 КО), Нұрзат Сабыров (10-0, 9 КО) және Аман Қазанғапов (0-0-1). Олардың қарсыластары кейін анықталады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram