21 февраля 2022 | 17:25

Жоғары білімді талап етпейтін сұраныстағы мамандықтар аталды

Иллюстрация. © pexels.com

Кейінгі жылдары жоғары білімді қажет етпейтін арнайы мамандықтар пайда бола бастады және оған сұраныс та аз емес. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне HeadHunter онлайн-рекрутмент компаниясының бас директоры Оксана Бричевская айтып берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Кейінгі жылдары жоғары білімді қажет етпейтін арнайы мамандықтар пайда бола бастады және оған сұраныс та аз емес. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне HeadHunter онлайн-рекрутмент компаниясының бас директоры Оксана Бричевская айтып берді.

Маманның сөзінше, дипломды талап ететін жұмыс орындары азайып жатыр. 

"Бүгінде жұмыс іздеуші жоғары білім алу процесінде алынған теориялық дағдыларды да, жұмыс барысында жиналған тәжірибені де біріктіре білуі керек. Дегенмен, қазірдің өзінде жұмыс берушілер диплом қағазына емес, адамның қабілеті мен талантына көбірек назар аудара бастады. hh.kz сарапшыларының бағалауынша, жыл өткен сайын жоғары білімді талап ететін вакансиялардың үлесі азайып жатыр: 2019 жылы 36 пайыз болса, 2021 жылы 30 пайызға төмендеген", - деді ол. 

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Бричевская ЖОО дипломын талап етуді азайтқан кәсіби салалар туралы да сөз қозғады, олар: 

1. Ақпараттық технологиялар
2. Маркетинг, жарнама, PR
3. Өнер, ойын-сауық, БАҚ

Әңгіме арасында ол қандай мамандықтар бойынша арнайы білімнің болғаны дұрыс екенін жеткізді. 

"Дипломы жоқ азаматтарды жұмыс беруші белгілі бір қызметке қарастырмауы да мүмкін, бұл да жиі кездесетін жағдайлардың бірі деп айта аламын. Тіпті, жұмыс тәжірибесі болса да, жұмыс ұсынушы бұл кандидаттан бас тартуы әдбен мүмкін, себебі дипломның болуы біраз орында міндетті екенін ұмытпаған жөн. Жұмыс берушілердің мұндай талабымен келіспеу қиын. Мысалы, медицина мен фармацевтика, ғылым мен білім, өнеркәсіп пен өндірістегі инженерлік-техникалық мамандықтар сияқты салалар бойынша арнайы білімнің болғаны аса маңызды", - дейді HeadHunter бас директоры.

Оксана Бричевская Қазақстанда жоғары білімді қажет етпейтін жұмыстарды екі санатқа бөліп, оларға тоқталып шықты.

"Еңбек нарығында жоғары білім дипломы өте сирек талап етілетін екі үлкен санат бар: жұмысшы мамандықтар мен шығармашылық мамандықтар. Жұмысшы мамандықтарға жүк тиеуші, сырлаушы, машинист, механик, монтаждаушы, сантехник, әртүрлі жұмысшы және т.б. жұмыстар жатады. Кейде мұндай вакансияларды жақсы маманмен толтыру топ-менеджерді табудан да қиын болып жатады. Неге десеңіз, қазір бұл салада кадрлардың тапшылығы байқалады. Бос орындар саны өткен жылмен салыстырғанда 57 пайызға өсті. Дипломы жоқ үміткерлердің осы бағытта өздерін көрсетуге керемет мүмкіндігі бар.


Шығармашылық мамандықтарға келетін болсақ, бұл салаға кез келген адам таласа алады және таза бәсекелестікке түсіп, өзінің потенциалын толық ашуға барлық жағдай қарастырылған. Шығармашылықтың адамдарын, ең алдымен, таланты мен қабілеті бойынша таңдайды. Бұл мамандықтарға дизайнер, суретшкі, фотограф, жазушы, сценарист, журналист, музыкант және тағы да басқалары жатады. Шығармашылық мамандықтар әрқашан сұраныста және өзектілігін ешқашан жоғалтпайды. Уақыт өте келе олар өзгеруі мүмкін, мәселен, қарапайым дизайнер моушн-дизайнерге айналады, бірақ бастапқы жұмыс негізі сол қалпында қалады. Сондай-ақ, бұл мамандықтар роботтау процесіне не жасанды интеллект идеясымен алмастырылмайды, өйткені шығармашылықтың өзін кодпен жаза алмаймыз", - дейді ол.

Онлайн-рекрутмент маманы жоғары білімі жоқ адамдарға кеңес берді

"Университеттегі білімнен бөлек, теориялық білім алудың көптеген басқа жолдары бар. Интернетте көптеген курстар, дәрістер мен вебинарлар аз емес. Мәселен, үйден шықпай-ақ, SMM-ның қыр-сырын үйреніп, жақсы табыс көзін табу қиын емес.

Еріктілер болашақ маман үшін тамаша бастама екенін басып айтқым келеді. Бұл  тек қарттар үйінде немесе жануарлардың баспаналарында ақысыз жұмыс істеу деген сөз емес, сонымен қатар PR және маркетинг қызметтері, бағдарламалау немесе фототүсірілімді ұйымдастыру және одан да басқа жүздеген салаларда мықты тәжірибе жинау мүмкіндігі екенін ұмытпаған дұрыс. Яғни, өзіңіз қалаған жұмыс орнына волонтер болып кіріп, бірнеше уақыттан кейін ресми түрде жұмысқа орналасуға болады. Қазақстанда бұл практика кең қолданысқа енді. Осы тәжірибенің әрқайсысы ең маңызды деген hard және soft skills жинақтауға мүмкіндік береді", - деді Бричевская. 

Әңгімелескен Мұхтар Жәмішжанов

Өзекті жаңалықтарды сілтемесіз оқу үшін Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная