28 февраля 2020 | 16:35

"Жолы болмағандар таңдайды". Кәсіпкер ауылдағы мамандар туралы айтты

Даурен Ерболат Журналист
Көрнекі сурет. © Тұрар Қазанғапов

Кәсіпкер Айдарбек Қожаназаров ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселені көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Кәсіпкер Айдарбек Қожаназаров ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселені көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін сенатта "Қазақстандағы агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері" тақырыбына арналған парламент тыңдауы өтіп жатыр.

Реклама
Реклама

Жиында ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген "Олжа арго" ЖШС бас директоры Айдарбек Қожаназаров бұл салада күрмеуі шешілмеген мәселенің көп екенін атап өтті.

"Бүгінде ауыл шаруашылығы саласында маман тапшы. Елімізде мал шаруашылығын дамыту қажет деп барлық жерде айтып жүрміз. Алайда еңбек нарығында зоотехниктер, малшылар жоқ. Шаруа қожалығында малға қарайтын, мал шаруашылығы базасын жоспарлайтын адам жоқ. Мысалы, Қостанай мемлекеттік университетін 2018 жылы 15 зоотехник маман, 2019 жылы 40-тан астам маман бітірген", - дейді кәсіпкер.

Оның айтуынша, жерігілікті ауыл шаруашылығы колледжінде зоотехника факультеті де жоқ екен. Осы орайда ол агроном, фитопатолог, ветеринар (мал дәрігері), агромеханик сынды мамандар да тапшы екенін ашына айтты.

Сондай-ақ, Айдарбек Қожаназаров өз компаниясында 270 бос жұмыс орны барын, білікті ауыл шаруашылығы мамандары азайып бара жатқанын тілге тиек етті.

"Бізге 20 агроном, 114 механизатор, 3 ветеринар, 20 зоотехник керек. Ал біз жұмыссыздық мәселесін айтып отырмыз. Жұмыс істеп жүрген зоотехниктердің жартысы зейнет жасына жетті. Біз оларға жыл сайын "Кетпеңіздерші! Шаруашылықты сеніп тапсыратын адам жоқ" деп жалынамыз. "Болашақ" бағдарламасын жоспарлаған кезде осы жағдайды ескеру керек шығар. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы саласында осындай зейнеткерлерге, өздігімен білім алғандарға сенім артып отырмыз", - деді ол.

Кәсіпкердің пікірінше, бұл отандық білім беру, ғылым саласының әлсіздігін көрсетеді.

Сонымен қатар бас директор ауыл шаруашылығы мамандығын жолы болмағандар таңдайтынын жеткізді.

"Заңгерге, қаржыгерге, басқа жоғары оқу орнына түсе алмағандар, жолы болмағандар ауыл шаруашылығы мамандығын таңдайды. Оны ашық мойындауымыз керек. Халқымыздың жарты бөлігі ауылдық елді мекендерде тұрады. Ал студенттердің тек 2 пайызы ғана ауыл шаруашылығы мамандығында білім алып жатыр. Бұл өзекті мәселе емес пе? Салдарынан біз кәсіби біліктілігі төмен мамандарды алып отырмыз. Ашығын айтайықшы, ауыл шаруашылығы маманына қойылатын талапты төмендетіп жібердік", - дейді Айдарбек Қожаназаров.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная