ПОДЕЛИТЬСЯ
05 мая 2020 | 18:32
Жүгірген кезде бетперде тағу керек пе? Бекшиннің жауабы
Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин далада спортпен шұғылданға кезде не үшін бетперде тағу керегін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин далада спортпен шұғылданға кезде не үшін бетперде тағу керегін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазір дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вирустың ауа арқылы тарайтынын айтып отыр. Мамандар үйден шыққан кезде бетперле тағуға кеңес береді. Себебі, 3 минут ішінде адам 5-7 рет қолын бетіне тигізіп, көзін уқалайды. Яғни адам инфекцияны қолы арқылы жұқтыру қаупі бар. Мұндай жағдай болмас үшін біз бетпердені ғимаратта ғана емес, үйден шыққанда да тағуға кеңес береміз", - деді Бекшин өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, осыған Қазақстанның бас санитар дәрігері бетпердені не үшін тағу керегін түсіндірген.
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 4 179-ға жетті. 1264 науқас жазылды, 29 адам қайтыс болды.
Показать комментарии
Читайте также