17 марта 2021 17:35

"Жұмыс керек". Қиясов мейрамхана жұмысшыларының видеосына жауап берді

Мейрамхана бизнесін шектемеуді сұраған қызметкерлер. © Видео кадрлары

Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясов "қысым көрсетпеуді сұраған" мейрамхана қызметкерлеріне жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясов "қысым көрсетпеуді сұраған" мейрамхана қызметкерлеріне жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Өткен аптада Алматыда болдым. Қоғамдық тамақтану қауымдастығының өкілдерімен кездестім. Алдағы уақытта жұмысты ретке келтіретін бірқатар дүние туралы сөйлестік. Жұмыс нұсқаларының бірі - бұған дейін айтылған Ashyq қосымшасы. Жалпы, бір-бірімізді түсіндік, енді жұмысымызды жалғастырамыз", - деді Қиясов ОКҚ-дағы онлайн-брифингте. 

Бұған дейін Желіде тамақтану орындары қызметкерлерінің видеосы тараған еді. Онда аспаз, даяшы және әкімшілер мейрамхана бизнесін тоқтатпауды талап еткен болатын. Олар органдар жиі тексеріп, қысым көрсететінін айтқан еді. 

Реклама
Реклама

Оның алдында Оралдағы кафе мен мейрамхана қызметкерлерінің фотосы желіде тараған еді. Суретте қызметкерлер пандемия кезінде жұмыс тоқтағанын білдіріп, түрлі жазбамен платкат ұстаған. Онда "Несиемді жауып беріңдер", "Балаларымды асыраңдар", "Маған жұмыс керек" деп жазылған. Өңірде карантинге байланысты жұмыстан қысқарту жағдайы көбейген. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram