01 апреля 2020 | 17:57

Жұмыссыздар 42 500 теңгені қалай алатыны айтылды

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото: Алихан Сариев

Төтенше жағдайға байланысты берілетін 42 500 теңгені алу үшін жұмыс істемеген қазақстандықтар бір реттік бірыңғай жиынтық төлем жасауы керек. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ОКҚ онлайн-брифингте айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Төтенше жағдайға байланысты берілетін 42 500 теңгені алу үшін жұмыс істемеген қазақстандықтар бір реттік бірыңғай жиынтық төлем жасауы керек. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ОКҚ онлайн-брифингте айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ешқашан әлеуметтік төлем жүргізбеген азаматтар бар. Олар - бейресми жұмыс істеп жүргендер. Олардың еңбек шарты жоқ. Салық төленбеген. Күнкөріс ретінде бір тіршілікпен айналысып жүрді. Сол табыстардан айырылды. Сондықтан Президент кеше өз сөзінде "сіздерге рәсімделу ғана жеткілікті" деп айтты. Рәсімделу деген не? Бірыңғай жиынтық төлемді, "единый совокупный платеж" дейміз, сол ЕСП-ны бір мезгіл төлесеңіз жеткілікті. Ол қалалық тұрғындарға 2 651 теңге, ауыл тұрғындарына 1325 теңге. Осыны бір төлесеңіздер, 42 500 теңгені ай сайын алатын боласыздар", - деп түсіндірді министр.

Реклама
Реклама

Алуға болатын жолы:

Біраз банктің мобиль қолданбалары бар. "Мобильное приложение" дейміз. Халық банкі, Форте банк, Сбербанк, Жусан банк, Банкцентркредит, Каспий банкте осындай мобиль қолданбалары бар. Сол арқылы жиынтық төлемді аударуға болады.
2. SMS арқылы. Телефоннан 5505 деген нөмірге хабарлама жазасыз. Қала тұрғыны болса, латын әріптерімен GORODESP деп жазып, ЖСН-ді белгілейсіз. Ауылдағы тұрғындар болса, SELOESP деп жазып ЖСН-ді белгілейді.
3. Содан соң төлемдеріңіз есепке түседі және 42 500 теңгені алуға мүмкіндігіңіз болады.
4. 3 күн ішінде есепшотыңызға түседі.

Айта кетейік, кеше, 31 наурызда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққы үндеу жасап, елдегі төтенше жағдай кезінде әлеуметтік және экономикалық шараларға байланысты Үкімет пен банктерге нақты тапсырмалар берген болатын.

Бұған дейін елімізде төтенше жағдай кезінде ақысыз еңбек демалысына кеткендер 42 500 теңге және жұмыссыз қалған тұлғалар айлығының 40 пайызын алатын белгілі болған еді. Соңғы төлем 1-6 ай аралығында жүргізіледі.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, қазір елімізде 372 адамнан коронавирус анықталды. 26 науқас жазылып шықты, 3 адам қайтыс болды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная